2022-2023 жылдық есебі

Кафедраның жарты  жылдық есебінің құрылымы

 

1

Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат (кафедра бойынша жалпы ақпарат ұсынылады).......................................

3

2

Бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша    ақпарат ұсынылады)

6

3

Студентке бағдарланған оқыту, оқыту және бағалау (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы    бойынша ақпарат ұсынылады)

6

4

Білім алушыларды қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат ұсынылады)

13

5

Оқытушылар құрамы (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат ұсынылады)

14

6

Оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі (кафедра бойынша жалпы ақпарат ұсынылады)

15

7

Ақпаратты басқару (кафедра бойынша жалпы ақпарат ұсынылады)

20

8

Жұртшылықты ақпараттандыру (кафедра бойынша жалпы ақпарат ұсынылады

21

9

Бағдарламаларды тұрақты мониторингілеу және мерзімді бағалау (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат ұсынылады)

23

10

Сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз ету (кафедраның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша   ақпарат ұсынылады).

25

 11    Ұсыныстар мен қорытындылар                                                         27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

І. САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

 

Кафедраның құрылымы және оқу-өндірістік базасы

            Қазіргі таңда «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасында үш сатылы деңгейде жоғары білікті педагогтарын дайындайды. Олар:

  • 6В01450 - «Кәсіптік оқыту» - бакалавриат;
  • 6В01451- «Көркем еңбек және сызу» – бакалавриат;
  • 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»;
  • 6В01431 – «Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау»;
  • 7М01450 - «Кәсіптік оқыту» - магистаратура;
  • 7М01454 – «Көркем еңбек және кәсіпкерлік негіздері»

-        8D01450 - «Кәсіптік оқыту» - доктарантура PhD.

            Кафедра базасында 6В01450 - «Кәсіптік оқыту»  білім беру бағдарламасының салалық  бағыттары бойынша бакалаврлар дайындайды:

  • Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу (қыз балалар үшін);
  • Ауыл шаруашылығының техникасы мен технологиясы (ұл балалар үшін)

            Кафедрада педагог мамандарды дайындауда жеткілікті деңгейде жабдықталған материалдық-техникалық, ақпараттық, оқу-әдістемелік базасында жүзеге асырылды 2022-2023 оқу жылында кафедраның 11 арнайы шеберханалар, зертханалары және талапқа сай жабдықталған оқу бөлмелері жұмыс жасады. Сонымен қатар, дуальды оқыту үдерісі мен  іс-тәжірибелер кірмейтін   оқу-ғылыми өндірістік кешені (УНПК)  «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі мен «Индустриалды техникалық» колледж базаларында өткізілді. Студенттердің технологиялық, өндірістік, педагогикалық іс-тәжірибелері де осы жоғарыда аталған колледждердің және материалдық-техникалық базасымен кадр мәселесі жоғары деңгейде қалыптасқан жалпы білім беретін мектептердің  базаларында өткізілді.

2022-2023 оқу жылында кафедра базасында барлығы 11 оқу зертханалары, шеберханалары мен арнайы әдістемелік оқу бөлмелері жұмыс жасады. Материалдық базада 14 компьютер, 2 интерактивті тақта және 4 принтер жұмыс істеді. Компьютерлердің үшеуі кафедра құжаттары мен іс-қағаздарын жүйелі түрде жүргізуге пайдаланылады да, 10-ы оқу үрдісінде пайдаланылады.

            Материалдық-техникалық база оқу зертханалары мен шеберханалар бойынша төмендегі деңгейде жабдықталған.

Оқу-өндірістік базасы

Дәрісхана, зертхана, шеберхана атауы

Кабинет номері

Құрал-жабдықтардың аталуы, таңбалануы, саны

1

Металды механикалық өңдеу оқу шеберханасы

 

 

100

Токарный станок по металлу ТВ-4  – 8шт., ТВ6-1шт.

Горизонтально-фрезерный станок НГФ-110 – 1шт

Твердомер ТШ-2 – 3шт

Настольный сверлильный станок 2Н118 – 1шт

Заточной станок  - 1шт

Слесарный верстак – 1шт

Делительная головка – 1шт.

Ауыл шаруашылық техникасы және автокөліктердің құрылысын оқыту дәрісханасы

100

Макеты-модели-120 шт.

2

Ағаш  өңдеу  шеберханасы

102

Токарный станок по дереву СТД-120 – 6шт, КЕДР-1шт.

Сверлильный станок 2Н112 – 1шт

Круглопильный станок СКД-1 – 1шт

Настольнофуговальный станок СФО-1- 1шт

Электроточило ЭТ-75 – 2шт

Электродрель – 1шт

Электрошуруповерт-1шт.

Столярные верстаки – 8шт

Комбинированный верстак-1шт.,

Станок по дереву универсальный (Дипломный) -1шт.

Электролобзик – 1шт

3

Тігін шеберханасы

103

Швейные машинки JACK -12 шт

Швейные машинки Expression PFAFF-1шт.

Швейные машинки Brother -3шт.

Оверлог  Singer – 1шт, Оверлог GNI -6D-1шт, Оверлог Bjutiguev-so75D-1шт.

Компьютер – 1шт

Утюг парогенератор – 1шт

4

Металды қол аспаптармен  өңдеу  шеберханасы

 

104

Слесарные верстаки – 13шт

Горизонтально-фрезерный станок НГФ-110 – 1шт

Сверлильный станок 2Н112 – 2шт

Электроточило ЭТ-66 – 1шт

Пресс механический-1шт.

Рычажный ножницы  - 1шт.

Муфельная печ -1шт.

5

Электрорадиотехника зертханасы

107

Электронный стенд 17Л 03-3шт.

Электронный стенд ЭС 6-5шт.

Генератор, трансформатор – 2шт

Осцилограф – 9шт

Лабораторные стенды – 5шт

Видеопроектор – 1шт

Интерактивная доска – 1 шт

6

Теория және әдістеме дәрісханасы

206

Стенды – 8шт

Ковроткаческии станок – 3шт

7

Оқытушылар және кафедра меңгерушісі бөлмесі

207

Компьютер – 4 шт, Лазерный принтер – 3шт

8

Әдістеме орталығы

208

Компьютер – 7шт, Лазерный принтер – 1шт,

Интерактивная доска – 1шт

Стенды – 5шт.

9

Тігін шеберханасы

236

Швейная машина Bernina Artista 180 – 1шт

Швейная машина Janome-3шт.

Швейные машинки JACK -3 шт

Швейные машинки Тупикал – 5шт

Оверлог Bernina-1шт., Оверлог Zinger-1шт., Оверлог CN1-6D  - 1шт

Утюг парогенератор – 1шт.

10

Оқу өндірістік шеберханасы

Корпус №9

Токарно-винторезный станок 1К62 – 1шт

Вертикально- сверлильный станок 2Н135 – 1шт

Горизонтально-фрезерный станок 6Н81 – 1шт

Гидропресс – 1шт

11

PhD докторанттары мен магистранттар дәрісханасы

202

Компьютер – 2шт, Лазерный принтер – 1шт

Кафедраның материалдық-техникалық базасын замануи үлгідегі құрал-жабдықтармен және технологиялық машиналармен толықтырып жабдықтау мақсатында университет әкімшілігіне арнайы қызмет хат негізінде «Мемлекеттік сатып алу»-ға 10 783 625 (он миллион жеті жүз сексен үш мың алты жүз жиырма бес) теңгеге ұсыныс жасалынды.

                       


 

Кафедраның ғылыми-педагогикалық мамандармен жинақталуы

  2022-2023 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушы құрамы 14 адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторы/профессор – 2/3, ғылым кандидаты/доцент – 3/1,  PhD доктор – 1, аға оқытушы/магистр – 4/3,  магистр оқытушы/оқытушы – 2/2  жалпы құрамның 42,8%-ын құрайды.

Кафедраның профессор  оқытушы құрамы:

  1. Жолдасбекова С.А.- п.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі
  2. Саипов А.Б. - п.ғ.д., профессор
  3. Камалов Ю.Н.. - п.ғ.к., профессор
  4. Бакирова Г.А.. - п.ғ.к., доцент
  5. Бүркітбаев Т.С. – п.ғ.к., аға оқытушы
  6. Мусакулов К.Т. – PhD доктор
  7. Байзахова С.А.– магистр, аға оқытушы
  8. Ибраимова П.Т.-магистр, аға оқытушы
  9. Камалов М.Ю.– магистр, аға оқытушы
  10. Күнжігітова Г.Б. – аға оқытушы
  11. Қайрақбаева Х.Ш.– магистр оқытушы
  12. Қозыбекова А.А.– магистр оқытушы
  13. Жайлаубаева А.А.-оқытушы
  14. Бүркітбаев Т.С. – оқытушы

 

Кафедра студенттерінің контингенті

6В01450 - «Кәсіптік оқыту», 6В01451 – «Көркем еңбек және сызу», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»,  6В01431 – «Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау» мамандықтары бойынша студенттер контингенті төмендегідей:

2022-2023 оқу жылында күндізгі бөлімде –  64 студент, оның ішінде мемлекеттік білім гранты негізінде – 20 студент, ақылы – 44 студент.

Төлем ақы  негізінде білім алушылармен құрылған келісім-шарт деканатта сақталады, оқу төлемақысы жылына  екі рет: күзгі және көктемгі семестр басталысымен толық төленеді.

Мамандығы

Курсы

Тобы

Студент саны

Грантта оқитын студент  саны

Ақылы оқитын студент саны

Қаладан тыс түратын студент саны

Грантта оқитын

ауылдық студент саны

Шет ел азаматы

1

6В01451- Көркем еңбек және сызу

1

МС-22-3к

9

-

9

4

-

-

2

6В01430 - Бейнелеу өнері және сызу

1

МС-22-5к

16

-

16

10

-

-

3

6В01451- Көркем еңбек және сызу

3

МС-20-3к

6

3

3

6

3

-

4

6В01450-Кәсіптік оқыту

3

МС-20-4к

4

-

4

4

-

 

2

5

6В01431–Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау

3

МС-20-5к

9

1

8

6

1

-

6

6В01450-Кәсіптік оқыту

4

МС-19-4к

11

8

3

10

7

2

7

6В01430 - Бейнелеу өнері және сызу

4

МС-19-2к

9

8

1

6

5

1

 

БАРЛЫҒЫ:

 

7

64

20

44

46

16

5

 

        

  1. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

2022-2023 оқу жылы бойынша 6В01450-«Кәсіптік оқыту», 6В01451 – «Көркем еңбек және сызу», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»,  6В01431 – «Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау»  білім беру бағдарламалары бойынша 1,3,4 курстарда  оқу жоспарлары, жұмыстық оқу жоспарлары дайындалды, АкМЖД оқу-әдістемелік басқармасы арқылы тексеріліп, бекітілді. Элективті пәндер каталогы жасақталып, университеттің smart.ukgu.kz сайтына ендірілді.

Іс-тәжірибе базалары:  Оқу-ғылыми-өндірістік кешенімен жасалынған жұмыстар. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі, «Индустриалды-техникалық» колледждерімен оқу-ғылыми өндірістік кешен негізінде келісім-шарттар жасалған. Сонымен қатар, дуальды оқыту бойынша аталған базалармен келісім шарттар жаңартылып түзілді.

Оқу-ғылыми өндірістік кешенде студентердің практикасын ұйымдастыру, оқытушылардың біліктілігін жетілдіру, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, бірлесе ғылыми зерттеу жұмыстары, семинар, конференццияларын жүргізілуде.

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы бойынша педагогикалық практика өту бойынша Шымкент қаласының №38, 47, 64, 69, 75, 79 жалпы білім беретін мектептері мен «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі», «Индустриалды-техникалық колледждермен» келісім шарттар түзілген. 2022-2023 оқу жылының жоспарына сай6 6В01450-«Кәсіптік оқыту», 6В01451-«Көркем еңбек және сызу», 6В01430-«Бейнелеу өнері және сызу», 6В01431-«Визуалды өнер, көркем  еңбек, графика және жобалау» ББ бойынша оқытылатын бітіруші курс білім алушыларының 9 апталық педагогикалық өндірістік практикасы оқу жылының екінші жарты жылдығына ауыстырылған. Басқа жоғары оұу орындарынан ауысып келген білім алушылардың қарыз практикасы бойынша қайта тапсырылды. Өндірістік педагогикалық және оқу тәрбиелік практикалар бойынша бағдарламалар даярланды.

 

  1. СТУДЕНТКЕ БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

             

  Кафедраның оқу - әдістемелік жұмысы

  1. Кафедрада оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстары ЖОО және СМЖ нормативтік құжаттары бойынша жүргізілді.
  2. 2022-2023 оқу жылының І-жартыжылдық оқу-әдістемелік жұмысының жоспары бекітілген.
  3. Кафедра барлық пәндер бойынша оқу-жұмыс бағдарламалары және силлабустар жасалынды. Оқу-жұмыс бағдарламалары және силлабустар сапасы бойынша бірнеше өзгерістер болды. Атап айтқанда: Модуль бойынша БӨЖ, ОБӨЖ тақырыбы және сұрақтары біріктірілді.
  4. Силлабустағы студенттердің, өзіндік жұмысын ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Силлабуста 3-4 курс студенттеріне өзіндік жұмыстарын күрделендіріп, яғни ғылыми мақалаларға аннотация жазу, топтық жоба өткізу, пікір-сайыс ұйымдастыру және ғылыми- зерттеу жұмыстары т.б. берілді. Барлық оқу жұмыс бағдарламалары және силлабустар кафедра хаттамаларымен бекітілген (хаттама №1, 27.08.2022ж.)
  5. Кафедра оқытушылары әрбір пән бойынша үлестірме материалдар әзірлеген және барлық сабақтың түрлеріне студенттердің ағымдық және қорытынды бақылауын бағалауда, студенттердің өзіндік жұмысына (тест түрінде, ойын түрінде, кейстер, слайдтар, плакаттар және стендттер). Университет Ақпараттық-білім орталығынан алынған барлық пәндер бойынша пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (шифры көрсетілген) әрбір кафедраларда бар және студенттер үшін қолжетімді.
  6. Кафедра оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау жасай отырып түйіндегеніміз, жалпы базалық және кәсіптік пәндер бойынша пәндердің ОӘК қажетті компоненттермен толықтырылып,  ОҚУ порталына енгізіліп, студенттердің сабаққа дайындалуында пайдаланылады.
  7. Мамандықтардың оқу жұмыстық жоспарлары типтік оқу жоспарларына сәйкес құрастырылған. Оқытудың жұмыстық бағдарламалары типтік оқыту бағдарламалары мен элективтік пәндер бағдарламаларына сәкес жазылған.

8.Кафедраның барлық мамандықтары мен оқу түрлеріне қарай оқу құжаттары жаңа оқу жылында қайта құрастырылып, бекітілген.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және баспадан шығару

2022-2023 оқу жылының І-жарты жылдығында жоспарланғаны және орындалғаны:

Жоспар бойынша – 15 (мемлекетттік тілде- 14, орыс тілінде –0, ағылшын тілінде 1).

Дәріс  жинағы -3: 3 - қазақ тілінде.

Әдістемелік нұсқау - 8: соның ішінде 7-қазақ тілінде, 1- ағылшын тілінде.

Оку құралы  -1, Кейс -3.  Орындалуы – 100 %. 15-ОӘӘ.

Оқу пәндерінің оқу бағдарламалармен қамтылу туралы мәліметі

  

Оқу бағдарламасы

ОБ

Орындалуы

Оқу әдістемелік әдебиеттердің түрлері

Оқулық

(мемлекеттік/ ағыл.тіл)

Оқу құралдары

(мемлекеттік/ ағыл.тіл

Оқу әдіс-темелік құралдар

(мемлекеттік/ ағыл.тіл)

Дәріс конспект (мемлекеттік/ ағыл.тіл

 

прак., сем., зертханалық, СӨЖ,  әдістеме нұсқау           ДЖ, КЖ, Дисс-я  (мем-т/ ағыл.тіл)

Кейс, портфолио, контенты (мемлекеттік/ ағыл.тіл)

 

Рөльдік ойын

(мемлекеттік/ ағыл.тіл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

6В01450-

Кәсіптік оқыту, 6В01451-Көркем еңбек және сызу

Жосп /

-

1/0

-

3/0

7/1

3/0

-

орынд

-

1/0

-

3/0

5/0

3/0

-

6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»

-

-

 

-

-

2/0

-

-

6В01431-Визуалды өнер, графика және дизайн

-

-

-

 

-

0/1

-

-

Барлығы каф  бойынша

15

-

1/0

-

3/0

7/1

3/0

-

 


 

Оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық әзірлемелерді ендіру

Студенттер жеткілікті мөлшерде оқулықтармен, оқу құралдарымен, электронды оқулықтармен, кейстермен, әдістемелік нұсқаулармен материалдармен  қамтамасыз етілген. Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік әдебиеттердің, бейнедәрістер, электеронды оқулықтармен қамтамасыз етілді.

2022-2023 оқу жылына 6B01450-Кәсіптік оқыту БББ жаңарту Бағыты бойынша  6В014-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау бойынша Білім беру мазмұнына сай құзыретті болашақ педагогтарды даярлау мақсатында ББ бағдарламасы мазмұнына жаңа пәндер енгізілді: ЕK 2109 «Экожүйе және құқық», AZhH 1213 «Академиялық жазу негіздері», PK 1203 «Педагогика және киберпедагогика», KOAB 3303 Кәсіптік оқыту әдістемесі мен бағалау.

Келесі пәндердің мазмұны жаңартылды:

  1. Fiz 2203 «Физика», OShP 1215 «Оқу шеберханасының практикумы», KKV 3228 Киімді конструкциялау мен модельдеу, TBOT 3228 Тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, KK 331 Костюм композициясы, TBKG 4230 Тігін бұйымдарының компьютерлік графикасы, ТОА 4213 Тігін өндірісін  автоматтандыру.
  2. 6B01451-Көркем еңбек және сызу БББ бойынша келесі пәндердің мазмұны жаңартылды: BO 1213 «Визуальды өнер», GZhN 2215 Графика және жобалау негіздері, .AS 3308 Академиялық сурет, SKSh 3309 Сәндік-қолданбалы шығармашылық, TKO 4217 Теріні көркем өңдеу, 6.MMZh 3218 Модельдеу макеттеу және жобалау, 7.DKN 3219 Дизайн және композиция негізі, MKOTP 2220 Материалдарды көркем өңдеу технологиясының практикумы, АМКО 2321 Ағаш және металды көркем өңдеу технологиясы, АТZh 4309 Ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары. Осы пәндердің практикалық сабақтарына ӘН дайындау жоспарланды.

Магистратура бойынша  жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты болашақ мұғалімдерді даярлау үшін 7М01454 – «Көркем еңбек, сызу және кәсіпкерлік негіздері» БББ дайындалып реестрге ендірілді.

Кафедрада қазақ тілінде пайыздық көрсеткіш ОӘӘ 100%. 

Кафедрада күндізгі бөлім кафедра студенттерінің дипломдық жұмыстарының тақырыптары талқылап, бекітілген (хаттама №2, 26.09.2022ж.) Күндізгі оқу бөлімі бойынша 12 дипломдық жұмыс жоспарланған.

Рольдік ойындар, портфолио, кейстердің оқу үрдісінде дайындалып қолданылуы. Кафедрада 67 видеокассета және 57 DVD диск көлемінде видео кассета дайындалған. Олар кафедрадағы барлық өтілетін пәндер бойынша қолданылады.    

Кафедра ОӘӘ қамтамасыз етілуі. Кафедрада 6В01450- «Кәсіптік оқыту», 6В01451- «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламалары бойынша әдебиеттермен қамтылу карталары дайындалған және жүйелі түрде жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылады. Мамандықтардың пәндердің оқу-әдістемелік кешендермен, оқулықтармен, оқу құралдарымен, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды.

ПОӘК әзірлеу, бекіту және оны университеттің білім беру порталына орналастыру

Кафедра бойынша ПОӘК және МОӘК мәліметтері:

ПОӘК және МОӘК мамандықтар бойынша:

6В01450 - «Кәсіптік оқыту»  білім беру бағдарламасы бойынша базалық пәндер – 28, оның ішінде: кәсіптендіру пәндер -9 ;

6В01451- «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша базалық пәндер - 12, оның ішінде: кәсіптендіру пәндер - 2;

ПОӘК оқулықтармен, оқу құралдарымен және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі.

Кафедрада ПОӘК оқулықтармен, оқу құралдарымен және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі - 100%.

Барлық мамандық пәндері бойынша кафедрада  пәндердің қамтамасыз етілу картасы жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады.

1 жарты жылдық /оқу жылында университеттің білім беру порталына ендірілген ПОӘК

 

 

Кафедра /тобы. Факультет / кафедра

ББ(ББ шифрі және атауы)

Оқылатын пәндер саны

ПОӘК жинақталуы

барлығы

%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 19-4к

6В01450-Кәсіптік оқыту

7

7

100%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 20-4к, 6к

 6В01450-Кәсіптік оқыту

8

8

100%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 22-3к

6В01451-  «Көркем еңбек және сызу»

8

8

100%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 19-2к

6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»

7

7

100%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 20-5к

6В01431-Визуалды өнер, графика және дизайн

8

8

100%

Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі

МС 22-5к

6В01431-Визуалды өнер, графика және дизайн

8

8

100%

 Кафедра бойынша барлығы

 

46

46

100%

 

Ашық сабақ  ұйымдастыру және жүргізу

«Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылындағы профессор-оқытушыларының ашық сабақ өту кестесі

 

Оқытушының А.Ж.Т., қызметі, ғылыми дәрежесі

Ашық сабақты өткізу орны, уақыты мерзімі

Пәні,

курсы

Ашық сабақ түрі мен өткізу формасы

Сабақ

тақырыбы

Ашық сабақты қарастырған хаттама №

1

П.ғ.к., пофессор  Камалов Ю.Н. 

8 -апта, 25.10.2022ж.,  236 ауд., 12:50

Дуалді оқыту негіздері

4-курс МС-19-4к

Дәріс

Ақпараттық

Дуальды оқыту педагогының өндірістер мен мекемелердегі іс-әрекетінің мазмұны.

 

2

Аға оқытушы Байзахова С.Ш.

10-апта, 08.11.2022ж.,   236 ауд., 12:50

Модельдеу, макеттеу және жобалау

3-курс МС-20-3к,4к

Дәріс

Ақпараттық

Ұлттық бас киімнің моделін, макетін жасау

 

 

Ашық сабақ жоспарының орындалуы

  1. «Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының пофессоры Камалов Ю.Н. «Дуалді оқыту негіздері» пәнінен «Дуальды оқыту педагогының өндірістер мен мекемелердегі іс-әрекетінің мазмұны» тақырыбында 25.10.2022 жылы 1250   МС-19-4к тобында ашық сабақ өткізді.  Сабақ дәріс түрінде өтті. Сабаққа студенттер түгел қатысты. Сабақ тақырыбы күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес, оқытушының аудиториямен, яғни студенттермен байланысы болды. Дәріс  сабақ өткізу барысында оқытушы студенттерге  Бір тігісті жең сызбасынан жең түрлерін коструктивті модельдеудің мазмұнын талдап, түсіндірді.  Дәрістің мазмұндылығы қазіргі заманғы ғылымның даму деңгейіне лайықты. Дәріс барысында проблемалық мәселелерді қою және олардың қайшылықтарын шешу арқылы ой белсенділігін туғыза алды. Дәріс оқу әдістемесі лекция құрылымының айқындылығы және баяндау логикасы, керекті әдебиетті хабарлауы жаңа терминдер мен ұғымдар түсінікті баяндалды.

Дәрістің нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбие аспектісі, дидактикалық мақсаттарға жетуі. Сабақтың барлық кезеңдерінде докторанттардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдаланды.Дәріс сабақты түсіндіру барысында студенттермен  кері байланыс орнату мақсатында сұрақтар қойылды, диалог орнатты, инновациялық оқыту технологияларын сабақта қолдануды меңгеруі мен түсінігі тексерілді. Сабақтың мақсатына сәйкес дидактикалық материалдар, техникалық оқу құрал-жабдықтарын, көрнекі құралдары талаптарға сай болды. Тексеру барысында оқытушының сабақты жүргізуі талапқа сай  және жалпы құжатары түгел.

  1. «Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Байзахова С.Ш.  «Модельдеу, макеттеу және жобалау» пәнінен «Ұлттық бас киімнің моделін, макетін жасау»  тақырыбында  08.11.2022 жылы  1250  МС 20-3к,4к  топтарына ашық сабақ өткізді.  Сабақ дәріс түрінде өтті. Сабаққа магистранттар түгел қатысты. Сабақ тақырыбы күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес, лектордың аудиториямен, яғни магистранттар байланысы болды.

Дәріс тезисі студенттердің  дайындық деңгейіне сәйкес. Жоғарыда көрсетілген аудиторияға материал дұрыс таңдалған және бағдарламаға сәйкес. Зейін мен ойлау белсенділігін арттыру құралдарының аудиторияның құрамына сәйкестігі де жоғары деңгейде болды. Дәріс сабағының нақты құрылымы, бір сұрақтан екінші сұраққа көшудің жүйелі ретілігі, олардың өзара байланысы байқалды. Лектор оқу материалын еркін меңгерген. Аудиторияның қызығушылығын арттыру, студенттер  мен лектор арасында диалогадискуссия элементтерінің бар екендігі байқалды. Жоспар дұрыс құрастырылған, дәріс мазмұны көлемді және талаптарға сай ресімделген. Материал жүйелі, қолжетімді және логикалық реттілікте баяндалды. Жоғары сөйлеу мәдениеті, қалыпты мимика және жестикуляция, сыпайылық, сонымен қатар магистранттардың біліміне деген талаптың жоғары екендігі көрінді.

          Оқу жылында және 1 жартыжылдықта өткізілген ашық сабақтар туралы  мәлімет

 

 

Семестрлер

Жоспар бойынша ашық сабақтар

Өткізілген ашық сабақтар,  соның ішінде:

бакалавриат бойынша

магистратура бойынша

доктрантура бойынша

сабақтың түрлері бойынша

Қаз

Рус

Ағл

Қаз

Рус

Ағл

Қаз

Рус

Ағл

Қаз

Рус

Ағл

Дәріс

Практ.

сабақ

Лаб.

сабақ

І

2

-

-

2

 

 

 

-

 

-

 

 

2

 

 

Барлығы:

2

2

 

 

2

 

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу

«Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының  2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығына жасалынған оқу-әдістемелік семинар мәжілісінің жоспары бойынша өткізілді. 

«Бейнелеу өнерімен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасында әдістемелік семинарлар өткізу жоспарының орындалуы

 

Іс - шаралар аталуы

Жауапты

 

Орындау мерзімі

Орындалғаны туралы белгі

1

2022-2023 оқу жылының әдістемелік семинар жұмысының жоспарын талқылау және бекіту

Жолдасбекова С.А. п.ғ.д., профессор

Тамыз

2022ж

 

+

2

Болашақ педагогтардың құзыреттілігін арттыру

Байзахова С.Ш магистр, аға оқытушы

Қыркүйек 2022ж

 

+

3

Студенттердің әдістемелік даярлығын   жетілдіру жүйесінің педагогикалық негізі

Камалов Ю.Н.

п.ғ.к., профессор

Қазан

2022ж

 

+

4

Көркем еңбекке оқытудың белсенді әдістері

Жолдасбекова С.А. п.ғ.д., профессор

Қараша

2022ж

+

5

 Киім үлгілерін модельдеуге үйретуде виртуальды жұмыстардың тиімділігі

Бакирова Г.А.

п.ғ.к аға оқытушы

Желтоқсан

2022 ж

+

 

Мемлекеттік тілге аударылған 100 оқулықты оқу процесіне ендіру

 

Оқулық аталуы

Пәндер

Мамандықтың аты, шифры /ОП

1

Стивен П., Роббинс.,Тимати А. Джадж Ұымдық мінез-құлық негіздері 14 басылым-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019ж-488 б

Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педаго-гикалық менеджмент

6В01450- Кәсіптік оқыту

2

Рикки Гриффин «Менеджмент»South-Western College Pub

2016.  704б.

Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педаго-гикалық менеджмент

6В01450- Кәсіптік оқыту

3

Дональд Куратко «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» South-Western College Pub 2016. 465б

Кәсіпкерлік қызмет

6В01450- Кәсіптік оқыту

4

Битэм, Э. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны: оқулық.2-ші басылым. -Алматы : Дәуір, 2019. -326 б

Кәсіптік оқыту әдістемесі,

6В01450- Кәсіптік оқыту

5

Шунк, Д. Х. Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі: оқулық; Ұлттық аударма бюросы. -7-ші басылым. -Алматы: Дәуір, 2019. -607б.

Кәсіптік оқытудың заманауй технологиялары

6В01450- Кәсіптік оқыту

6

Бартлетт, С. Білім берудегі  зерттеулер. Кіріспе: оқулық. - Нұр-Сұлтан; Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2020. -464 б.

Ғылыми зертеу негіздері

6В01450- Кәсіптік оқыту

7

Гомбрих, Э. Х Өнер тарихы: оқулық; Ұлттық аударма бюросы. - Алматы: Дәуір, 2019. -678 б.

Киім тарихы,

Сәндік қолданбалы өнер

6В01451-Көркем еңбек және сызу

 

Практикалық сабақтар мен дәріс сабақтары бойынша БӨЖ, лекция және практикалық сабақтарды ұйымдастыру бойынша оқу құралдары, лекция материалдарын баспадан шығару бойынша мәліметтер

 

БББ шифры мен аталуы

ОӘ аталуы

Пәндер

ОӘЖ дайындаған аты-жөні

1

7M01450-Кәсіптік оқыту

 «Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару» пәнінен  «Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару» атты 7M01450-Кәсіптік оқыту мамандығы  магистрантта-рына арналған Оқу құралы КП/ТК

«Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару»

Жолдасбекова C.А.

 

2

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы» пәнінен «Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы» атты 6В01450 – Кәсіптік оқыту мамандығы  магистранттарына арналған дәрістер жинағы КП/ТК

«Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы»

Камалов Ю.Н.

 

3

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Тігін бұйымдарын көркем өңдеу» пәнінен «Тігін бұйымдарын көркем өңдеу» атты 6В01450-Кәсіптік оқыту білім алушыларына арналған дәрістер жинағы КП/ТК

«Тігін бұйымдарын көркем өңдеу»

Байзахова С.Ш

4

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен «Кәсіптік оқыту әдістемесі» атты 6В01450-Кәсіптік оқыту білім алушыларына арналған   дәрістер жинағы БП/ТК

«Кәсіптік оқыту әдістемесі»

Камалов М.Ю.

5

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару» пәнінен  «Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару» атты 8M01450-Кәсіптік оқыту мамандығы  магистранттарына арналған Кейс жинағы   КП/ТК

«Студенттердің жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару»

Жолдасбекова C.А.

 

6

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы» пәнінен «Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы» атты 6В01450-Кәсіптік оқыту мамандығы  студенттеріне Кейс жинағы  БП/ТК

«Ауылшаруашылық еңбегінің технологиясы»

Камалов Ю.Н.

 

7

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі» пәнінен «Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі» атты  6В01450- Кәсіптік оқыту    білім алушыларына арналған  Кейс жинағы     КП/ТК

«Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі»

Қозыбекова А.А

8

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» пәнінен «Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» атты  6В01450-Кәсіптік оқыту білім алушыларына арналған   БӨЖ ӘН БП/МК

«Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

Изтилеуова А.Ш.

9

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Дизайн негіздері» пәнінен «Дизайн негіздері» атты 6В01450- Кәсіптік оқыту    білім алушыларына арналған  БӨЖ арналған  ӘН   БП/ТК

«Дизайн негіздері»

Бакирова Г.А.

10

6В01450-Кәсіптік оқыту

«Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі» пәнінен «Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі» атты  6В01450- Кәсіптік оқыту    білім алушыларына арналған  практикалық сабаққа  ӘН   КП/ТК

«Ауыл шаруашылық еңбегін оқыту әдістемесі»

Қозыбекова А.А

11

6В01451-  «Көркем еңбек және сызу»

«Материалдарды көркем өңдеу» пәнінен «Материалдарды көркем өңдеу» атты 6В01451-  «Көркем еңбек және сызу» білім алушыларына  БӨЖ арналған  ӘН   КП/ТК

«Материалдарды көркем өңдеу»

Қайрақбаева Х.

12

6В01451-  «Көркем еңбек және сызу»

«Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы» пәнінен «Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы» атты 6В01451-  «Көркем еңбек және сызу» білім алушыларына арналған  БӨЖ арналған  ӘН  КП/ТК

«Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы»

Байзахова С.Ш.

13

6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»

6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» білім алушыларына «Дизайн  және заманауи қолөнер үлгілірі – II»  пәнінен  практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

«Дизайн  және заманауи қолөнер үлгілірі – II»

Ибраимова П.Т.

14

6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»

«Визуалды өнер (Кескіндеме) –II»  пәнінен 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы БББ білім алушыларға   практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

«Визуалды өнер (Кескіндеме) –II» 

Ибраимова П.Т.

15

6В01431-Visual Art, Artwork, Graphics and Design

 

PROFESSIONALLY-ORIENTED ENGLISH LANGUAGE

Teaching suggestions  for subject’s practical exercise

According to the educational program

for students 6В01431-Visual Art, Artwork, Graphics and Design

PROFESSIONALLY-ORIENTED ENGLISH LANGUAGE

 

Kunzhigitova G.B.

 

 

 

  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ, ҮЛГЕРІМ, ТАНУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

       Кафедраның үлгерімі

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес, 6В01450 - «Кәсіптік оқыту», 6В01451 – «Көркем еңбек және сызу», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»,  6В01431 – «Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау» мамандықтары студенттері үшін қысқы емтихан сессиясы жүргізілді.

2022-2023 оқу жылында 1,3,4 курстарда күндізгі бөлімде –  64 студент, оның ішінде мемлекеттік білім гранты негізінде – 20 студент, ақылы – 44 студент білім алады.

Емтихан сессиясын ойдағыдай өткізу үшін деканат және кафедралар тарапынан  келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  • барлық мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары жасалынды;
  • емтихандар кестесі дайындалды, бекітілді және хабарландыру тақтасына ілінді;
  • студентттер емтихан сессиясын өткізу ережерімен таныстырылды;
  • емтихан сессиясының өткізілу мерзімінен 1 ай бұрын тестілеу орталығына тестік, жазбаша емтихандардың сұрақтары тапсырылды;
  • емтихан сессиясының өткізілу мерзімінен 1 ай бұрын кейстік және шығармашылық емтихандардың билеттері деканатқа өткізілді;
  • тест сұрақтары мен жазбаша, кейстік, шығармашылық емтихан сұрақтары студентттерге берілді;
  • оқу жылының басында кафедралардың профессор-оқытушыларының күшімен  оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, студентттерге тарқатылды.

Студентттерді бұлай оқу-әдістемелік және оқу құжаттармен қамтамасыз ету, студенттердің уақытылы өздеріне керек мағлұмат алуына мүмкіндік береді.

Емтихан сессиясын ойдағыдай өткізу үшін деканат және оқу-әдістемелік басқарма тарапынан  келесі іс-шаралар ұйымдастырылды. Жазбаша  және тестік емтихандарда  және сессия уақытысында тәртіп сақтау үшін факультет және факультет қызметкерлерінің көмегімен кезекшілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, емтихан қабылдау барысында келеңсіздіктерді болдырмау үшін профессор-оқытушы құрамының көмегімен емтихандарға бақылау комиссиясының құрамы бекітілді.

 

Кафедра бойынша өткізілген емтихан түрлері

 

Жалпы

емтихандар

саны

Соның ішінде

Тесттік емтихандар, %

тесттік

жазбаша, ауызша,

кейс

шығармашылық

1

Күзгі семестр - 30

10

8

12

30%

 

2022-2023 оқу жылының  қысқы емтихан сессияларын жақсы тапсыру мақсатында  дайындықты ұйымдастыру келесі бағытта жүзеге асырылды: топ тәлімгерлері топтарда қорытынды бақылау аптасының нәтижелерін талқылады және осыған  байланысты тәлімгерлік сағаттар өткізді; үлгерімі төмен студенттерге пәндерден өту балын жинау тәртібі түсіндірілді, студенттердің төлем ақысының төленуі қадағаланды.

     Жалпы  сессияны қорыта келе мынандай қорытындылар жасауға болады:

- қысқы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізілді;

- емтихандарды қабылдау барысы бойынша бақылау комиссиясы мүшелерінің дер кезінде орында болуы   қадағаланды;

- жазбаша, ауызша, кейс емтихандарды қабылдау тәртібіне қадағалау жүргізілді.

 

Магистратура,  докторантура негізінде ғылыми-педагогикалық  кадрларды дайындауды  жүзеге асыру

7М01450-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті жоғары оқу орынынан кейінгі  білім беру стандарты «ГОСО №604 «31» қазан 2018 ж.негізінде  даярланады. 

       Оқу жылында кафедрада магистрант, докторант болмады.

           

  1. ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Кафедраның ғылыми-педагогикалық мамандармен жинақталуы

  2022-2023 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушы құрамы 14 адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторы/профессор – 2/3, ғылым кандидаты/доцент – 3/1,  PhD доктор – 1, аға оқытушы/магистр – 4/3,  магистр оқытушы/оқытушы – 2/2  жалпы құрамның 42,8%-ын құрайды.

Кафедраның профессор  оқытушы құрамы:

  1. Жолдасбекова С.А.- п.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі
  2. Саипов А.Б. - п.ғ.д., профессор
  3. Камалов Ю.Н.. - п.ғ.к., профессор
  4. Бакирова Г.А.. - п.ғ.к., доцент
  5. Бүркітбаев Т.С. – п.ғ.к., аға оқытушы
  6. Мусакулов К.Т. – PhD доктор
  7. Байзахова С.А.– магистр, аға оқытушы
  8. Ибраимова П.Т.-магистр, аға оқытушы
  9. Камалов М.Ю.– магистр, аға оқытушы
  10. Күнжігітова Г.Б. – аға оқытушы
  11. Қайрақбаева Х.Ш.– магистр оқытушы
  12. Қозыбекова А.А.– магистр оқытушы
  13. Мадиева Д.П. - оқытушы
  14. Бүркітбаев Т.С. – оқытушы

 

 

 

 

 

Кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы

 

р/с

Кафедра аталуы

Барлығы ПОҚ

Ғылыми доктор, профессор

Ғылым кандидаты, доцент

Ғылым дәрежесі және атағы пайызбен

көрсетілгенде

Қосымша қызмет істейтіндер

Сағатпен  қызмет атқара-

тындар

Қазақ тілінде сабақ жүргізе алады

барлығы

соның ішінде ғылыми дәрежесі және атағы

Бар-

лығы

соның ішінде ғылыми дәрежесі және атағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

БӨмТОӘ

14

2/3

4/1

42,8%

   1

1

-

14

6

  • кестенің жалғасы

Базалық білім сәйкестілігі барлары

Мамандық

бойынша

еңбек

өтілі барлары

Ғылыми-педаго-

гикалық қызмет өтілі

Жасы

5 жылға дейін

5-15 жыл

15 жылдан астам

35 жасқа дейін

35 -50 жас

50 жастан жоғары

Зейнеткер

12

13

14

15

16

17

18

19

20

14

14

-

2

12

2

6

6

3

 

Кафедраның оқу жұмысын ұйымдастыру және оқу жоспарының орындалуы

12.09.22 ж. № 179-кң факультеттердің кафедраларын жаңа атаумен қайта құру бұйрығына сәйкес бұрынғы  «Мәдениет және спорт» факультетінің құрамындағы «Музыкалық білім  және көркем еңбек» кафедрасы мен Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебінің құрамындағы «Кәсіптік оқыту» кафедрасының қосылуына байланысты қайта құрылған «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының оқу жүктемесі 7080 сағат 10,5 шт. бірлікті құрайды.

Кафедра бойынша бірінші жарты жылдыққа 4519 сағат жоспарланып, оның 4519 сағаты орындалған.  Сағат орындау барысы туралы толық мәлімет форма №6-да берілді.

 

  1. ОҚУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ

Кафедра студенттерінің өзіндік жұмысын бақылау

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру  басты мақсаты: таңдаған немесе оқытушының ұсынған тақырыбы бойынша қажетті материалдарды іздеу, таңдау, сараптама жасау арқылы өз бетінше іздену қабілетін жетілдіріп,  ары қарай реферат, курстық жұмыс жазу, конференцияларға ғылыми зерттеу жұмысы бойынша баяндама дайындау мүмкіндіктерін жетілдіру. 1,3,4 курс студенттерін оқыту олардың білім беру мекемелерінде жұмыс жасауға дайындау мақсатында және студенттердің білім сапасын көтеруге бағытталған. Кафедра эдвайзері оқытушы  Козыбекова А.А. студенттерге оқу жұмысын жоспарлауда элективті курсты таңдауға көмек береді. Студенттердің өзіндік жұмысын бағалау: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, баяндама, реферат, эссе, глоссарий қабылдау, олимпиада мен ғылыми конференцияларға қатысушылардың баяндамалары мен статьяларын қабылдау, бақылау тапсырмаларын қорғау, барлық іс-тәжірибе түрінен есебін қорғау, курстық жұмысты қорғау және т.б. Болашақ кәсіби мамандық ерекшелігін ескере отырып, оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен оқу пәндерін оқытудың жаңа түрлерін енгізу. Мәселелік, дамыта оқыту, интерактивті, ойын технологияларын кешенді түрде қолдану.

  1. Студенттер өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында кафедраның профессор оқытушы құрамы барлық оқу пәндері бойынша СӨЖ басқару мен бақылауға арналған әдістемелік нұсқаулар, дипломдық және курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік құралдар дайындап, студенттер үшін электронды базаға енгізген.
  2. Студенттің өзіндік жұмысын жоспарлау, басқару және бағалау кредиттік жүйеде ұйымдастырылды. Силлабустарда ұсынылып отырған тапсырмалар пәннің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Силлабустардағы СӨЖ тапсырмаларын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жасау, таңдап алған тақырып бойынша реферат дайындау студенттердің әдебиеттермен дұрыс жұмыс жүргізе білуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында     ұсынылады;  сабақты талдау-студенттер  басқа студенттің жүргізген сабағына қатысып, оған талдау жүргізу нәтижесі бойынша пікір беру; таңдап   алған тақырып бойынша рөльдік ойын құрастыру және жүргізу;  презентация дайындау және өткізу студенттердің тақырыпты презентациялау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дидактикалық тапсырмалар, слайдтар, үлестірмелі, тесттік материалдар, сұрақтар құрастыру;   таңдап  алған  тақырып бойынша глоссарий дайындау, презентация немесе кейс дайындау, тақырып бойынша проблемалық ситуацияны құрастыру, рөльдік ойын құрастыру, таңдап алған тақырып бойынша эссе дайындау студенттердің анализ жасау дағдыларын дамытады. 
  3. Студенттің оқытушымен  бірге орындайтын  өз бетінше (ОСӨЖ) жұмысы  сабақ  кестесіне  сәйкес  жүргізіліп отырылды.  Кафедрада өткізілетін  оқу  пәндерінің 70-75% шығармашылық  бағытты қамтитындықтан, студенттер  сабақ  базасында  үлгермей  қалған  түрлі  жұмыстарды шеберханалар мен зертханалар барысында  түрлі  технологиялық  машиналарда  орындап  отырады.  Аралық  апта  қорытындысы  мен семестр соңында  студенттердің  дайындаған  шығармашылық  жұмыстарының  көрмесі  ұйымдастырылып әрбір  студенттің  жұмысына баға  беріліп отырылды. 
  4. Студенттердің өзіндік жұмыстары кафедрада оқылатын пәндердің  сабақ кестесіне  сәйкес жүзеге асырылды.

 

             Кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмыстары

            Кафедрадағы  ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру кафедраның  ғылыми-әдістемелік семинарының  жоспарына  сәйкес жүргізілді.

  1. Мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша орындалатын ҒЗЖ тақырыбы-2:

 

1) МБ ҒЗЖ-21-03-10.  Білім беру жүйелерін интеграциялау негізінде мамандар даярлау. Жетекшісі п.ғ.д., профессор Жолдасбекова С.А.

 

2) МБ ҒЗЖ-21-04-10 Техникалық және кәсіптік білім берудің салалық бағыттары бойынша болашақ педагогтарды дайындауды жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Жетекшісі п.ғ.к., профессор Камалов Ю.Н.

 

  1. Гранттар бойынша орындалатын ғзж тақырыбы (қр бғм гранттық қаржыландыру) – жоқ

 

3.Қаржыландырылатын тақырыптар бойынша орындалатын ғзж тақырыбы (оның ішінде шаруашылық шарттар бойынша) - жоқ

 

4.ҒЗЖ нақты қаржыландыру - жоқ

 

5.Орындалатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар, оның ішінде университет бас болып табылатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар- жоқ

 

6.Түрлі бағдарламалар бойынша гранттар алу бойынша конкурстарға қатысу бойынша жұмысты талдау- жоқ

 

7.Ең маңызды ғылыми және шығармашылық нәтижелер

Кафедра базасында 6D012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша РһD докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс жасады.

Кеңес төрағасы п.ғ. д., профессор Жолдасбекова С.А. хатшы п. ғ. к., профессор Камалов Ю. Н.

2022 оқу жылында кафедраның докторантурасын бітіруші 4 докторант докторлық диссертациясын сәтті қорғады және PhD докторы атағын алды.

  1. Иманқұлова Л.Б. «Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері». Ғылыми жетекшісі п. ғ. д., профессор С.А. Жолдасбекова (қорғау 2022 жылғы 25 наурызда өтті)
  2. Шағатаева З.Е.«Научно-методические основы формирования общетехнологической компетенции будущих педагогов профессионального обучения». Ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Жолдасбеков А.А. (қорғау 2022 жылғы 25 наурызда өтті)
  3. Аширова Ж.У. «Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері» қорғау 2022 жылғы 28 сәуірде өтті, ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Жолдасбекова С.А. (қорғау 2022 жылғы 28 сәуірде өтті)
  4. Тәңкіш Н.П. «Болашақ кәсіптік оқыту педагогының тұлғалық және әлеуметтік еңбек функцияларын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері». Ғылыми жетекші п.ғ.к., профессор Ю.Н. Камалов (қорғау 2022 жылғы 28 сәуірде өтті).

Кафедраның кеңейтілген отырысында алдын ала қорғаудан 3 докторант (Парманкулова П., Септемирова А., Кошкинбаева Н.) өтті.

Нәтижесінде Парманкулова П., Септемирова А. Астана қаласының С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да докторлық диссертаияларын сәтті қорғап бекітілді.

            «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі»  кафедрасы ғылыми жетістіктері үшін марапаттар.

1 п.ғ. д., профессор Жолдасбекова С.А. «Еңбек және ғылыми жетістіктері үшін» Басқарма төрағасы ректор  Д.П. Қожамжарова  атынан мадақтау қағазымен марапатталды.

  1. п.ғ. д., профессор Жолдасбекова С.А. 2022 жыпы 20 қарашада өткен Президенттік сайлауда «АМАНАТ» партиясының атынан партиялық өкіл болып, дауыс берудің әділ әрі таза өтуіне атсалысқаны үшін және партияның бағдарламалары мен стратегияларын іске асыруды өз үлесін қосқаны үшін Шымкент қалалық филиалының атынан Алғыс хатпен марапатталды. Шымкент 2022.
  2. Аға оқытушы Байзахова С.Ш. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Басқарма төрағасы ректор Қожамжарова Д.П.,  «25-қазан Республика күніне» алғыс хатымен марапатталды.

4.Аға оқытушы Ибраимова П.Т. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Басқарма төрағасы ректор  Қожамжарова  Д.П.,  Құрмет граматасы «25-қазан Республика күні»  қарсаңында, еліміздің Рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.        

5.Аға оқытушы Ибраимова П.Т Алғыс хат, «Алғыс саған Алтын күз» ІІ Республикалық шығармашылық фестиваль – конкурсына жоғары дәрежеде өтуіне айрықша үлес қосқаны үшін. Алматы 14 қазан,2022

  1. Аға оқытушы Ибраимова П.Т Сертификат, «Инклюзивті қоғам, іргелі негіздер ,мәселелер және шешімдер» семинар тренинг. 21 қыркүйек, 2022 жыл
  2. Аға оқытушы Ибраимова П.Т «Алғыс саған,Алтын күз» ІІ Респупликалық шығармашылық фестиваль – кокурсына қолдау білдіріп, бойында өнері бар, білімге құщтар жас таланттардың жұлдызын жағып үлкен өнерге сәтті қадам жасауына жағдай жасап, шығармашылық шыңына жетелеп жүрген жетекші «ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ» дипломымен марапатталады. Алматы 14 қазан,2022
  3. Аға оқытушы Ибраимова П.Т. Сертификат, «PRIMUS FEST-2022» атты халықаралық онлайн-байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін. Қазақстан 2022
  4. Аға оқытушы Ибраимова П.Т. Сертификат, «Мәдени мұра» атты халықаралық суретшілер -симпозиумына қатысқаны үшін. Шымкент, 2022
  5. Аға оқытушы Ибраимова П.Т. Сертификат, «CREATOR» суретшілермен дизайнерлердің көрме байқауына қатысқаны үшін. Шымкент, 2022
  6. Аға оқытушы Ибраимова П.Т. Алғыс хат, «Жаңғыру мен жаңару жолындағы Жаңа Қазақстан» ХХҮІ -ші студенттік конференция» «CREATOR» суретшілермен дизайнерлердің көрме байқауына қатысқаны үшін. Шымкент 2022
  7. Аға оқытушы Кунжигитова Г.Б. ҚР М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қатысушылардың танымдық оқу дағдыларын дамытқаны үшін, Халықаралық пән жеңімпаздарын дайындағаны үшін. Оқушыларға, студенттерге арналған онлайн-олимпиадалар. «Білгірлер 2022». ДИПЛОМ.
  8. Аға оқытушы Кунжигитова Г.Б. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. «Көκтемгі art-keңicтігі» атты фотосуреттер, суреттер, ашық хаттар, коленерлер, костюмдер,Оригами, презентациялар жене бейнероликтер (би, вокал, мэнерлеп оку, музыкалық аспаптарда ойнау, аспазшылық, спорт). Халықаралык шығармашылық онлайн-байқауынын. Рrimus development center. 135mi. akvregn: 2022 жыл Казахстан, Алматы. Мадактама

 

  1. Зерттеу нәтижелерінің жариялануы, конференцияларға қатысу

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы ОПҚ ҒЗЖ нәтижелері бойынша 2022 жылында 54 ғылыми жұмыс жарық көрді: импакт-факторы бар басылымдарда- 7/1 мақала,  ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 3 мақала, басқа журналдарда – 5  мақала, конференцияларда - 0, алыс шетелдерде –1, жақын шетелдерде – 0, ҚР халықаралық конференцияларында-31, республикалық және өңірлік конференцияларда-6, Респуб. ҚР ҒПК-0, өтінім мен патент -0, монография - 0, оқу құралы  - 4, электронды оқулық -1, оқулық - 1 жалпы білім беретін мектептң 2 сынып «Көркем еңбек» оқулығы және ОӘК жарық көрді.

Студенттік жұмыс

Факультет студенттері ҒЗЖ-мен белсенді айналысады. СҒҚ және ғылыми үйірмелерге кіретін студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, ғылыми-техникалық конференцияларды ұйымдастырумен және өткізумен айналысады, үздік ғылыми студенттік жұмыс конкурсына қатысады және факультет СҒҚ өткізуге қатысады.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары кафедралардың СҒҚ және факультет жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.

  1. Керімбай Индира Сембайқызы. МС 20-5к тобының студенті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №KZ71VPY00027366 куәлігімен бекітілген "Bilimdi Daraboz" балалар танымдық журналының ұйымдастыруымен 17 наурыз - 15 сәуір күндері аралығында өткен Республикалық "Гүлдене бер, Қазақстан!" конкурсына қатысып, І орын иеленгені үшін марапатталады. Жетекшісі: Кунжигитова Г.Б. Шымкент қаласы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
  2. Керімбай Индира Сембайқызы. МС 20-5к тобының студенті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. «Көктемгі art-кеңістігі» атты фотосуреттер, суреттер, ашық хаттар, қолөнерлер, костюмдер, оригами, презентациялар және бейнероликтер (би, вокал, мәнерлеп оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, аспазшылық, спорт) халықаралық шығармашылық онлайн-байқауының орын жеңімпазы марапатталады. Байқау тақырыбы: портрет және натюрморт/гуашь, реализм. Жетекшісі: аға оқытушы Кунжигитова Г.Б.

Primus development 261ді. Директор:  Қазақстан, Алматы akvregn 2022 жыл

  1. Керімбай Индира Сембайқызы. МС 20-5к, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған «ҮЗДІК ЖАСТАР - 2022» премиясы байқауының Мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Үздік жас суретші» номинациясының иегері атанды. Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар-2022» премиясы байқауында «Үздік жас суретші» номинациясын иеленгені үшін арнайы диплом, статуэтка, бағалы сыйлықпен (планшет) марапатталды. Жетекшісі: аға оқытушы Кунжигитова Г.Б.
  2. Сатанова Ж. МС-18-10к т0бының студенті. Диплом, «PRIMUS FEST-2022» атты халық аралық шығармашылық онлайн – байқаудың жеңімпазы Жетекшісі аға оқытушы Ибраимова П.Т.

Кафедрада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Қатысушылар студенттер саны -12. Жетекшісі аға оқытушы Изтилеуова А.Ш.

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер саны - 64 студент, оның ішінде 20 - грант, 44-коммерциялық.

  1. СҒЗЖ және СҒЗЖ айналысатын студенттер саны (бөлек)– 64

Кафедра

Студенттердің жалпы саны

СҒЗЖ айналысатынстуденттер саны

СОҒЗЖ айналысатынстуденттер саны

 

Қатысушылар саны

Диплом жұмыстарыныңсаны

барлығы

ҒЗЖ элементері бар

1

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі»

64

51

40

 

10

6

 

 

Барлығы:

64

51

40

 

10

6

 

                         

 

9.1. Факультет конференцияларына қатысқан студенттер саны - 48

9.2 Университет конференциясына қатысқан студенттер саны – 14

9.3 ҚР ЖОО студенттердің онлайн конференцияларына қатысуы –  0

9.4 Алыс және жақын шетел ЖОО-ның студенттердің онлайн конференцияларына қатысуы (бөлек)- 1

Керімбай И.. МС 20-5к, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. «Көктемгі art-кеңістігі» атты фотосуреттер, суреттер, ашық хаттар, қолөнерлер, костюмдер, оригами, презентациялар және бейнероликтер (би, вокал, мәнерлеп оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, аспазшылық, спорт) халықаралық шығармашылық онлайн-байқауының жеңімпазы болып марапатталады. Жетекшісі: Кунжигитова Г.Б.

Сонымен қатар, МС-20-5к тобының студенті Керімбай Индира пәндік онлайн олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды:

            - «Знатоки 2022» Ағылшын тілінен Халықаралық пәндік онлайн олимпиадасынан жүделі І орын диплом. Қазақстан Республикасы,  Алматы, 2022. Жетекшісі: аға оқытушы Кунжигитова Г.Б.

            - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында ұйымдастырылған ағылшын тілінен пәндік онлайн олимпиадаға қатысқаны үшін ректор атынан дипломмен марапатталды.

 

            Жаңару мен жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстан;cтуденттерінің ғылыми жетістіктері» ХХҮІ республикалық студенттік ғылыми конференциясы «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі»  секция жұмысының қорытындысы 2022ж. 24-25 қазан

Конференцияда жалпы 32 баяндама жасалды, соның ішінде 27 студент, 5 оқушы қатысты.

            Бірінші орын:

  1. Ахмедова Гулчехра МС 20-3к тобының студенті «Көркем еңбек сабақтарында интербелсенді оқыту технологияларын қолдану».

Ғылыми жетекшісі:  магистр аға оқытушы Камалов М.Ю.

  1. Мырзалы Ақниет. МС 20-5к тобының студенті. «Қазақи нақыштағы элементтерді аксессуарларда күнделікті киім ансамбльдерде қолдану»

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Кунжигитова Г.Б.

     Екінші орын:

  1. Кеңесалы Динара МС 20-3к тобының студенті «Заманауи бас киімдерді жобалау»

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Жолдасбекова С.А. 

  1. Керімбай Индира Мс 20-5к тобының студенті. «Жапсырмалау арқылы оқушыларды қол өнерге баулу әдістемесі»

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ибримова П.Т. 

  1. Джунисалиева Мария МС 20-4к тобының студенті «Күрделі формадағы жең үлілерін модельдеу жолдары»

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Бакирова Г.А.

  1. 4. Мейрбекова Диана МС 22-5к тобының студенті «Киім тігу, дизайн»

Ғылыми жетекшісі:  аға оқытушы Ибримова П.Т. 

     Үшінші орын:

  1. Омар Ақмерей МС 20-4к тобының студенті «Заманауи белдемше үлгілері және оларды модельдеу жолдары»     

     Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент  Бакирова Г.А.

  1. Нурман Балнұр МС 20-4к тобының студенті «Ұлттық нақыштағы бешпенттерді модельдеу жолдары».

Ғылыми жетекшісі:  п.ғ.к., доцент  Бакирова Г.А.

  1. Айдарбек Береке Рахманғалиқызы МС-19-2к тобының студенті «Бейнелеу өнер құралдары арқылы оқушылардың рухани құндылықтарын арттырудың белсенді әдістері»

Ғылыми жетекшісі: PhD доктор аға оқытушы Мусакулов К.Т.,

  1. Сапарова Айман МС-22-5к тобының студенті «Қарапайым натюрмортты бейнелеу әдістемесі»

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ибраимова П.Т.

  1. Жарас Тоғжан Романқызы МС 22-3к тобының студенті «Жаңа Қазақстанды құруда ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызы»

Ғылыми жетекшісі: магистр оқытушы Қозыбекова А.А.

  1. Турсыналы Ажар Нурхамитқызы МС 22-3к тобының студенті «Заманауи материалдардан қолөнер бұйымдарын жобалау»

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Байзахова С.Ш.

Алғыс хатпен марапатталды

Төлеби ауданы,  Ленгір қаласы,  Төлеби аудандық оқушылар үйі МҚК

  1. Исмаил Ақарыс 10-сынып оқушысы «Торпедалы қайық»

Ғылыми жетекшісі:  Кебекбаев Назарбек

  1. Қанжарбек Ерасыл. 6-сынып оқушысы. «Программамен басқарылатын қолданыстағы модель»

Ғылыми жетекшісі:  Кебекбаева Раушан

  1. Амирхан Ақнұр. 8-сынып оқушысы «Жол талғамайтын көлік моделі»

Ғылыми жетекшісі:  Кебекбаев Назарбек

  1. Нұрғали Санжар. 8-сынып оқушысы «Радиомен басқарылатын пилотажды модель».

Ғылыми жетекшісі:  Кебекбаев Назарбек

  1. Тулапбек Элярбек. 7-сынып оқушысы. «Термо кескіш».

Ғылыми жетекшісі:  Кебекбаева Раушан

 

  1. АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ

Университетте жүйенің студенттері, қызметкерлері мен мүдделі тұлғаларын ақпараттандырудың тиімді құралы www.ukgu.kz сайты болып табылады, онда ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қабылдау комиссиясында түлектің өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін алатын даярлық бағыттары, құзыреттері туралы кеңес алуға болады. Бағдарлама нақты тұжырымдалған және студенттерге/тыңдаушыларға жеткізілген оқу мақсаттары, міндеттері мен нәтижелеріне ие.

Университет бұқаралық ақпарат құралдарын, Интернет желісін, ЖОО-ның ресми сайтын және өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, мемлекеттік билік органдарын, заңды және жеке тұлғаларды: ОҚУ-дың қоғамдық рөлі; іске асырылатын білім беру бағдарламалары; түлектер мен студенттердің жетістіктері; инновациялық жетістіктері; қоғамдық ұйымдардың қызметі; халықаралық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ шетелдік және шетелдік бағдарламаларды орындауға қатысуы туралы, халықаралық ғылыми қоғамдар мен қауымдастықтарда; ОҚУ қызметінің нәтижелері, жетістіктері мен даму жоспарлары хабардар етіледі.

Порталда www.portal.ukgu.kz әр факультет туралы толық ақпарат орналастырылған.

Түлектермен байланыс әр түрлі жолдармен қамтамасыз етіледі: түлектер қауымдастығы, кездесулер, телефон байланысы, электрондық пошта, әлеуметтік желінің қуатты мүмкіндіктерін пайдалану "vkontakte.ru"

Жұртшылықты және барлық мүдделі тараптарды ЖОО қызметі туралы хабардар етуді түбегейлі жақсарту және оған ПОҚ-тың, құрылымдық бөлімшелердің барлық басшыларының портфолиосын, білім беру бағдарламалары, нормативтік құжаттар, түлектер туралы толық ақпаратты, мемлекеттік органдардың сайттарын, ақпараттық порталдарды және т. б. қоса алғанда, басқа Web-ресурстарға сілтемелерді орналастыра отырып, ЖОО сайтының контентін толтыру арқылы күшейту қажет.

 

  1. ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

         Аттестаттау комиссиясының жұмысы

«Мәдениет және өнер» факультеті 6В01450- «Кәсіптік оқыту» және  6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу», БББ /бакалавр/ бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 30 қазандағы 2018 жылғы №595 бұйрығымен бікітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес  М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің Академиялық саясатының «Білім алушылардың білімін қорытынды аттестаттау» ережелерінің 7.3.8 тармағын негізге алып, жұмыс жүргізеді.

Аттестаттау комиссия  құрамы бойынша ректордың атына қызмет хат жолданды

Мамандық атауы

 Төрағаның аты-жөні, тегі

МАК мүшелерінің аты-жөні, тегі

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызмет орны

 

1

 

6В01450-Кәсіптік оқыту

 

 

Узахова Айнагуль Сламовна

 

п.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мелекеттік педагогикалық университеті

Жолдасбекова Сауле Абдразаковна

п.ғ.д., профессор

Кафедра меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ

Камалов Юсубалы Назимович

п.ғ.к., доцент

М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры

Саипов Амангелді

д.п.н., профессор

М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры

Ибраимова Перизат

магистр, аға оқытушы

М.Әуезов атындағы  ОҚУ, хатшы

2

6В01430 - Бейнелеу өнері және сызу

Ералин Куандык

 

п.ғ.д., профессор

 А.Яссауи атындағы ХҚТУ 

«Бейнелеу өнер» кафедрасы

Жолдасбекова Сауле Абдразаковна

п.ғ.д., профессор

кафедра меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ

Буркитбаев Талгат Сагындыкович

п.ғ.д., аға оқытушы

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Мусакулов Кусан  Толендиевич

PhD доктор, аға оқытушы

Ибраимова Перизат

магистр, аға оқытушы

М.Әуезов атындағы  ОҚУ, хатшы

Мемлекеттік аттестаттау комиссия жұмысының кестесі

            2022-2023  оқу жылында 6В01450 – «Кәсіптік оқыту», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша диплом қорғауға жіберілген  бітіруші студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары талқыланып олардың ғылыми жетекшілері бекітілген (хаттама №4, 21.11.2022ж.).

            Жалпы,  6В01450 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 11 студент, 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша 9 студент оқуды бітіру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 6В01450 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 5 студент, 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша 7 студент диплом қорғауға жіберілген. Күндізгі бөлімнің бітіруші 8 студенті мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілді.

 

ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі

Кафедра базасында «6В01450 - Кәсіптік оқыту», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»  мамандығы мамандандыру бағытында жүзеге асырылған. Бұл бағыттар  бойынша заман талабына сай типтік оқу бағдарламасының мазмұнынан туындайтын және оның сұраныстарын қанағаттандыратын материалдық техникалық база және кадр мәселесі түпкілікті шешілген. Кафедра базасында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары білімді, білікті педагогикалық кадрларды дайындау білім берудің үш деңгейінде іске асырылады: базалық жоғары білім беру (бакалавриат) және жоғары білімнен кейінгі білім беру беру бағдарламалары бойынша магистратура, PhD-доктарантура. Кафедрада 2 педагогика ғылымдарының докторы, профессорлар және 3 ғылым кандидаты, доценттер қызмет атқаруда. Жұмыс берушілермен жүргізілген анкеталардың маниторингтік талдау нәтижесі дайындалып жатқан педагог кадрлардың заман талабына сай екендігін көрсетеді.

           

Берілген мамандық бойынша мамандар даярлау сапасын талдау

6В01450 – «Кәсіптік оқыту», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»  мамандығы студенттердің таңдауы бойынша және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұнына сәйкес кәсіптік оқыту бакалавры екі мамандану бағыты бойынша жүзеге асырылған:

- Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік;

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы дайындалған мамандардың сапалық деңгейін талдай келе төмендегідей қорытынды жасады:

- 6В01450 - «Кәсіптік оқыту», 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»  БББ бойынша дайындалған бакалавр деңгейіндегі мамандар, мамандықтың білім беру бағдарламасы талаптарына  сай екендігі анықталды;

- мамандықтың негізгі пәндері бойынша студенттердің білімі мен іскерлігі, дағдысы бүгінгі заман талабына сай кәсіби құзіреттілік қанағаттарлық деңгейде дайындалғаны анықталды;

- бітіруші түлектердің жалпы кәсіби және арнайы пәндері бойынша алған негізгі білімдері білім беру бағдарламасы мен үлгі оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес жеткілікті деңгейде дайындалғанын көрсетті.

            2021-2022 оқу жылында «Кәсіптік оқыту» кафедрасында күндізгі бөлімінде 6 студент 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім бакалаврын бітірді. Оның ішінде, 3 жас маман бала күтімімен демалыста. 1 студент мамандық бойынша, 1 студент басқа салада жұмыс істеуде, 1 студент магистратураға тапсыруда.  Соңғы кездері, «Технология» мен «Бейнелеу өнері» пәндерінің орта мектептерде бірігіп кетуіне байланысты мамандар тапшылығы мен сұраныстар байқалмады ал, ендігі жерде екі пәннің қайта бөлінуіне байланысты келешекте сұраныс ұлғаймақ.

 


 

  1. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҰРАҚТЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ БАҒАЛАУ

Кафедраның тәрбие жұмысы

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасында 2022-2023  жарты оқу  жылындағы  тәрбие  жұмысының  жоспары  жоғары мектеп кеңесінде талқыланып 27.08.2022ж бекітілді. Өкім, Хаттама №1. Сонымен қатар барлық кафедраның тәрбие  жұмыстарының жоспары жасалып, бекітілді.

2022-2023 оқу жылының жартыжылдық тәрбие жұмысы өз дәрежесінде жоспар бойынша өткізілді. Барлық топ тәлімгерлері өз топтарына тәрбиелік мәні бар іс-шараларды өз деңгейінде кестеге сай өткізіп отырды. «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының 2022-2023 оқу жылының басында кафедра төмендегі профессор-оқытушылар құрамы оқу топтарының тәлімгері болып бекітілген. (2022 ж. 09 қыркүйек, №2 өкім)

        

Мамандық

Тобы

Курс

Топ тәлімгерлері

         1.          

6В01451-Көркем еңбек және сызу

ЕП-22-6к

1

магистр, аға оқытушы

Байзахова Сапаркул Шадиевна

         2.          

6В01431–Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау

МС-22-5к

1

магистр, аға оқытушы

Ибраимова Перизат Турсымбековна

 

3

6В01451-Көркем еңбек және сызу

ЕП-20-6к

3

магистр, оқытушы

Қозыбекова Айгүл Айтуғановна

4

6В01450-Кәсіптік оқыту

ЕП-20-9к

3

п.ғ.к, доцент

Бакирова Гулмира Абилпатташовна

5

6В01431–Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау

МС-20-5к

3

Аға оқытушы

Кунжигитова Гүлнұр Бектемировна

6

6В01450-Кәсіптік оқыту

ЕП-19-9к

4

Магистр, оқытушы

Қайрақбаева Ханзада Шамшидиновна

7

6В01430 - Бейнелеу өнері және сызу

МС-19-2к

4

п.ғ.к., аға оқытушы

Бүркітбаев Талғат Сагындыкович

 

Факультет Ғылым және жоғары білім және министрлігі бекіткен тәрбие тұжырымдамасындағы 10 бағыт бойынша жұмыстар атқаруда Әр тарау бойынша тақырыпқа сәйкес іс-шаралар жоспарланды және  төмендегідей жұмыстар орындалды:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары

1) Жаңа оқу жылына дайындық, іс-қағаздар жұмысын және құжаттарды жүргізуді ұйымдастырылды.

2) «Білім күніне» арналған іс-шара ұйымдастырылды.  М.Әуезов атындағы ОҚУ-не оқуға 1-курс студенттеріне үшін Білім күніне арналған іс-шара №8 корпустың акт залында болып өттіп, жалғасы салтанатты мерекелік түрде  Спартак алаңында өткізілді. 1-курс студенттеріне үшін Білім күніне арналған іс-шараны университетіміздің ректоры Д.П.Қожамжарова суденттерді студент атанғанымен құттықтап, студенттік білім кілтін 1-курс студенттеріне табыстады.

3)  Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 01.09.2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың " Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына жолдауын «Бейнелеу өнері және технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында басты бағыттары қаралды.

4) Кафедра аға тәлімгерлерін, академиялық топтардың тәлімгерлерін тағайындалды.

5) Студенттерді жатақханаларға орналастыру жұмыстары жүргізілді. Және де жатақханадан орын алу мәселесін арнайы  еgov парталы арқылы тапсырыс бере алатынын студенттерге ескертілді.

 6) Кафедраның бірінші курс академиялық топ студенттерін ʺБілім туралы заңменʺ, ʺЖОО жарғысыменʺ, ʺУниверситет ішкі тәртіп ережелеріменʺ, студенттің құқықтары және міндеттері жарғысымен таныстыру. Студенттерге білім сапасын басқару үрдісіне қатысуға түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайлы. Білім сапасын басқару үрдісіне қатысудын талаптарын түсіндіру Топ тәлімгерлері үшін жетекшілік жүргізу әдіснамасы мен студенттердің әдеп жадынамасымен таныстыру.Студенттерге білім беру сапасын басқару үрдісіне қатысуға түсіндірме жұмыстары жүргізізілді.

7) Студенттер жатақханасындағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында М.Әуезов ат. ОҚУ-і, Мәдениет және Өнер факультетіне қарасты 1-ші жатақханасында студенттерге арналған факультеттен бастау алған "ҚАЗАН FEST -2022"  іс-шарасы аясында "Қауын fest" көңілді демалыс шарасын өткізілді,кезекшілік, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырылды.

 ІІ) Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие

8) Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған тәлімгер сағаттары өтті.

            ІІІ) Рухани-адамгершілік тәрбие беру

9) Қоғам қайраткерлері, соғыс және тыл ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлерімен кездесулер өтті.

10) Студент жастарды рухани-мәдени тәрбие беру мақсатында Шымкент қаласы, Түркістан сарайында 2022 жылдың 21-қараша күні МС-22-5к тобының студенті Ақмарал Леубаеваның «Сен маған сүйюді үйреттің» атты шығармашылық кешіне қатысты.

  1. IV) Кәсіби-еңбек тәрбиесі

11) «1 қыркүйек – Білім күні» атты салтанатты іс-шара болып өтті.

12) Теория мен іс-тәжірибенің ұштасуын көрсету мақсатында, республикалық, қалалық, университеттік семинарлар, көрмелерге қатысты.

Ү) Діни толеранттылықты қалыптастыру

13) «Дін және дәстүр», «Жастардың діни сауаттылығы», «Діннің тәрбиелік мәні» тақырыбында тәлімгер сағаттары  өтті.

ҮІ)  Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

14) «1-желтоқсан – халықаралық Спид-пен күрес күні» тәлімгер сағаттары өтті. «1-желтоқсан – халықаралық спид-пен күрес күні» тәлімгер сағат барысында, спид - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер екендігі туралы айтылды.

VIII) Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту

15)  Студенттердің қоғамдық және ғылыми үйірмелерге қызығушылығын арттыру мақсатында акция, кездесу, көрмелер ұйымдастыру. Қоғам қайраткері, ҚР одағының мүшесі Жорабеков С.Қ кездесу, №8 корпуста, кітапханада сағат 15:00 де ұйымдастырылды.

16) Студенттерді облыстық және республикалық жастар  суретшілер көрмесіне қатысуды ұйымдастыру бойынша 2022-2023 оқу жылында "Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі" кафедрасының студенттері мен ПОҚ-і, ҚР суретшілер одағының, мүшесі,ҚР мәдениет қайраткері суретші-кескіндемеші Н.Шилібайұлының мерейлі 70 жасқа толуына арналған "Өнерлі жастар" атты шығармашылық кешіне қатысып, концерттік бағдарламасын тамашалады.

  1. X) Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту

17) Университет көлемінде өткізілетін студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларына, олимпиадаларға, фестивальдарға  қатысты.

18) Жетім және әлеуметтік мұқтаж студенттерге әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру. «Мәдениет және өнер» факультетінің білім алушыларының түрлі категория бойынша жеңілдік алуға ұсынған құжаттарымен комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, кафедраның жеңілдікке ұсынған студенттерінің тізімі толық деканат тарапына өткізіліп, оқу төлем ақысына  жеңілдік жасау ұсынылды.

19) «Тілдер мерекесі» тақырыбында тәлімгер сағаттары өткізілді.

20) «Дәуірдің дара тұлғасы» М. Әуезовтің 125-жылдығына арналған тәрбие сағаты  ұйымдастырылды.

21) Абай кітапханасында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды институционализациялау жобасы аясында “Аналар кеңесі” атты кездесу өткізілген болатын. Бұл іс-шараға   елімізге еңбегі сіңген әпкелеріміз келіп  қыздарымызбен өздерінің  ақыл кеңестері мен өмірлік тәжірибелерімен бөліскен болатын. Кафедраның МС-19-2к тобының студенті Алимбаева Севара "Қыздар клубының" төрайымы, М.Әуезов Университетінің атынан іс-шараға қатысып іс шараға қатысқандарға көптеген сұрақтар қойып өте мағыналы әрі әсерлі жауаптар алды.

 

  1. САПАНЫ МЕРЗІМДІ СЫРТҚЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ  МӘЛІМЕТТЕР

 

Оқытушылардың біліктілігін жоғарылату жұмыстары бойынша мәлімет

2022-2023 оқу жылында  «Бейнелеу өнері және технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кестеде көрсетілген  пәндер бойынша біліктіліктерін жоғарылатты:

 

Атыжөні

Курс аты

Өткен уақыты және орны

Мекеме атауы

Сағат саны

Сертификат

1

Бакирова Гульмира Абильпатташовна

Компьютерлік графика

02.06-15.06.2022

Нұр-Сұлтан

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №005533

Киімді конструкциялау және модельдеу

02.06-15.06.2022

Нұр-Сұлтан

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №005533

2

Ибраимова         Перизат Турсымбековна

Визуалды өнер (Сурет) ІI/

 

Нұрсултан

04.07-15.07.2022

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №001032

3

Кунжигитова Гульнур Бектемировна

Teach English Now Foundational Principles

16.10.2022

Arizona State University, Global Launch

136 сағ

Certificate

IELTS Writing Section Skills Mastery

Irvine

15.10.2022

University of California

136 сағ

Certificate

Киімді конструкциялау және модельдеу

02.06-15.06.2022

Нұр-Сұлтан

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №005534

4

Буркитбаев Талгат Сагындыкович

 

Мүсін және пластикалық анатомия негіздері

Нұрсултан

04.07-15.07.2022

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №001029

5

Буркитбаев Турехан Сагындикович

Композиция негіздері I

Нұрсултан

04.07-15.07.2022

«Astana jobalary» ХРЖҰО

72 сағ

Сертификат №001030

 


 

Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар

Халықаралық ынтымақтастық

Дайындық бағыты

Тағылымдама базасының атауы

Келісімге тұру уақыты

Жарамдылық мерзімі

1

2

3

4

6В01451-  Көркем еңбек және сызу

А.Кадыр атындағы Жиззақ мемлекеттік педагогикалық институты

Ынтымақтастық туралы келісім, 24.12.2020 ж.

24.12.2020 г.-24.12.2025г.

 

         2022 жылдың 21-23 қараша күндері М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының білім алушыларына А.Қадыри атындағы Джиззақ мемлекеттік педдагогикалық университеті мен «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы арасындағы өзара ынтымақтастық келісім шарт негізінде, Джиззах мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауышты  оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Ph докторы Холбаева Гүлнора Анорбоевна, Ph докторы Құттыбекова Гүлжан Тулепбаевна, «Бастауышты оқыту теориясы мен практикасы» кафедрасының филология ғылымының докторы, профессор Жұманазарова Гулжахан Умирзаковна, «Болашақ педагогтарды даярлаудағы заманауи оқыту технологиялары» тақырыбы аясында  дәріс өткізді.

Кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кафедраның штат санына сәйкес, 2022-2023 жаңа оқу жылына білім беру бағдарламалары бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура) 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу»,  6В01431 – «Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау»,  6В01450 – «Кәсіптік оқыту»,  6В01451 – «Көркем еңбек және сызу», 7М01450 –«Кәсіптік оқыту»,  7М01454 – «Көркем еңбек және кәсіпкерлік негіздері»,  8D01450 –«Кәсіптік оқыту» бойынша  қабылдау жоспары түзіліп, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу және тығыз байланыс орнату мақсатында  білім беру мекемелеріне бекітілді.

              М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын басшылыққа ала отырып, «Мәдениет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі», кафедрасының оқытушы-профессор құрамымен  2022 жылдың 1 желтоқсаны мен 31 желтоқсаны аралығында кәсіптік бағдар беру жұмысының кестесіне сәйкес, бітіруші түлектермен оффлайн кездесу өткізілді.

 «Мәдениет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері және технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының  оқытушы-профессорлар құрамымен С.Ш. Байзақова, Қ.Т. Мұсақұлов, П.Ибраимова, С.А. Жолдасбекова, М.Ю.Камалов, А.Б Саипов  2022 жылдың 1 желтоқсаны мен 31 желтоқсаны аралығында Шымкент қаласына қарасты №87 ЖОМ, №69 ЖОМ, №77 ЖОМ, № 75, № 47 жалпы орта мектептері және Түркістан облысы Келес ауданының № 60,  № 61, №62, № 63,  № 59,  № 58,  №131, №138 жалпы орта мектептеріне касіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.Мектеп бітірушілерге бейіндік пәндерді таңдауына көмек көрсетіліп, олардың мазалап жүрген сұрақтарына толық жауап берділді. Биылғы жылғы № 87 жалпы орта білім беретін мектебі, №77 жалпы орта білім беретін мектебі, №69 жалпы орта білім беретін мектебі, №131 жалпы орта білім беретін мектебі, №138 жалпы орта білім беретін мектебі, №47 мектеп гимназиясы  жалпы орта мектептерінен 25 мектеп бітірушілер оқуға түседі - деп жоспарлануда. отырмыз. «Мәдениет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының  кәсіби бағдар беру бағдарламасы бойынша кафедра мәжілісінде мұғалімдерді мектеп аралық кәсіби бағдар беру туралы айтылып, мектеп және колледждерге бөлуді қарастырды.

Кафедра тарапынан білім беру бағдарламаларын баяндайтын материалдар дайындалды: білім  бағдарламасының бейне-ролигі, презентациялық материалдар, кафедраның жетістіктері, материалдық базасы, және т.б. таратпа материалдар дайындалды. Кафедра мамандықтары туралы кең көлемде ақпарат беру үшін кафедраның арнайы сайты толтырылды.

ҰСЫНЫСТАР МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАР

  1. Кафедра оқытушылары Г.А.Бакирова, П.Ибраимова, Т.С.Бүркітбаев, Бүркітбаев Төрехан, Г. Күнжігітова қашықтықтан 72 сағаттық, ал Күнжігітова Г. 136 сағаттықағылшын тілінен біліктілікті арттыру курсынан өтті.
  2. Кафедраның оқу үдерісіне А.Қадыри атындағы Джиззақ мемлекеттік педдагогикалық университеті мен «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы арасындағы өзара ынтымақтастық келісім шарт негізінде, Джиззах мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Ph докторы Холбаева Гүлнора Анорбоевна, Ph докторы Құттыбекова Гүлжан Тулепбаевна, «Бастауышты оқыту теориясы мен практикасы» кафедрасының филология ғылымының докторы, профессор Жұманазарова Гулжахан Умирзаковна дәріс оқыды.
  3. Кафедраның үш деңгейлік маман дайындау сатысы бойынша 11 оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындалып, университеттің ОӘК бекітіліп, оқу үрдісіне ендірілді.
  4. Кафедра оқытушылары оқу жылында орындаған ғылыми-зерттеу және шығармашылық әдістемелік жұмыстары бойынша 11 ендіру актісін жасап, тіркетті.
  5. Шымкент қаласы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжімен бірлесе түзілген келісім шерт негізінде дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылды.
  6. Кафедраның эксперимент тәжірибе базаларында (ОҒББК) ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып өткізілді.
  7. Кафедра оқытушылары түрлі Халықаралық конференциялар жинағында, ККСОН басылымдарында және түрлі ғылыми басылымдарында мақалалар жариялады.
  8. 6В01450- «Кәсіптік оқыту», 6В01451- «Көркем еңбек және сызу» 7М01450- «Кәсіптік оқыту» 7М01454- «Көркем еңбек және кәсіпкерлік» 8D01450- «Кәсіптік оқыту» 6В01430 – «Бейнелеу өнері және сызу» 6В01431- Визуальды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді және реестрге енгізілді.

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының  оқу-әдістемелік жұмысын қорыта келе келесідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Жаңашыл технологияларды оқу үрдісіне ендіру актісін арттыру.
  2. Электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары мен бейне-дәрістерді дайындау жұмыстарын арттыру.
  3. Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды қолға алу.

4.Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарын ұйымдастыру үшін мастер-класс өткізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін  оқу үрдістеріне  енгізу  жұмыстарын арттыру.

  1. Диплом жұмыстарының құнды еңбек нысандарын дайындау технологиялары мен әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне ендіруді жүйелі түрде жалғастыруға көңіл бөлу.
  2. Кафедра оқытушы-профессорлық құрамының оқу сабақтарына даярлығы мен өту барысындағы кәсіптік шеберліктерін дамыту мақсатында басқа ЖОО-мен

Calendar

December 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
CONTACTS

160012, Shyment City, Tauke khan avenue, 5

Call-center

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Chancellery(8-725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.