Дене тәрбиесінің теориялық әдістемесі

Кафедра меңгерушісі:   Жолдасбекова Б.А. 

            педагогика  ғылымының  кандидаты,   
           доцент.

Адрес: Шымкент қаласы, ОҚУ, корпус №10 

    Спорт кешені  (Байтурсынов  көшесі, н\з)

Телефон:  8702-388-70-35

 

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Кафедра тарихы

 

Жалпы кафедра тарихынан мәлімет

1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша студенттер қабылданып, тамыз айында «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы ұйымдастырылды. 1970 жылы алғашқы мамандар шығарыла бастады. Осы жылы Дене тәрбиесі факультеті құрылды. 1973 жыға дейін алғаш рет кафедраны аға оқытушы Д.В.Денчик, 1973-1980 жыл аралығында аға оқытушы М.М.Федосов меңгерді. Факультет 1991 жылы  Шымкент педагогикалық  Дене тәрбиесі институты болып ашылды. Ректоры – академик М. Б. Сапарбаев. Одан  кейін  кафедрада М.Б.Сапарбаев, Б.К.Алибаев,  В.М.Лесогор,  Л.М Таранущенко және басқалар жұмыс істеді. 1998 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан  облысында екі ірі университет: Техникалық университет және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  Гуманитарлық университеті бірігіп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

1980-2011 жыл аралығында кафедраны «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» п.ғ.к., доцент Тлеулов Э.Д. басқарды. 2011ж. қарашадан 2013ж. тамызға дейін кафедраны п.ғ.к., доцент Садирмекова Ж.Б., 2013 ж. қыркүйектен 2020ж. маусымға дейін п.ғ.к., доцент Балабеков А.Т. басқарса,  2020ж. маусым айынан бастап п.ғ.к., доцент Б.А. Жолдасбекова  басқаруда.

2019 жыл қыркүйектен бастап екі кафедраның бірігуіне байланысты кафедраның аты «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді.

Дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби маман даярлауда көпжылдық ғылыми және оқытушылық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Олар: профессор Есалиев А.А., доценттер Балабеков А.Т.,  Жолдасбекова Б.А., п.ғ.к., аға оқытушы Ережепов М.М., б.ғ.к., аға оқытушы Утебеков Қ.И. және т.б.  

 

          Кафедраның оқу-өндірістік базасы төмендегі мектептермен  келісім- шарттар құрған:        

  1. № 47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебі.
  2. А. Назарбеков атындағы № 87 Жалпы орта білім беретін мектеп
  3. № 77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі
  4. № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
  5. №75 мектеп-гимназия,
  6. А.Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназия
  7. №59 Жалпы орта мектеп
  8. № 90 Жалпы орта мектеп
  9. №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицей

10. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп – лицейі

11. №23 З.Космодемьянская атындағы жалпы орта мектеп

12. №54 жалпы орта мектеп

Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар,  студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар. Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.

Кафедра ПОҚ төмендегі ғылыми тақырып бойынша ғылыми бағытта жұмыс жүргізеді: «Проблемы использования народных  игр и национальных видов спорта во внеклассной работе в общеобразовательной школе».

Мемлекеттік бюджет бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Научные аспекты личностно-ориентированного подхода к профессиональной подготовке будущего учителя физической культуры в системе высшего профессионального образования» шифрі Б-16-12-10. Жұмыс бес бөлімнен тұрады.

Кафедра ПОҚ Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық конференцияларына белсенді қатысады.

 Жоспарға сай кафедра  оқытушылары жыл сайын ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жарыққа шығарады. Кафедра бойынша 300-ге  жуық ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік әдебиеттер жарық көрген.

Жаңалықтар

Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, 2017 жылда Азия және Астанадағы өткен жарыстардың жүлдегері 2019 және 2019 жылдарда Азия чемпионатының қола медалі иегері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-і МС-17-3р тобының студенті Кравченко Зоя 2021 жылда Индияның Дели қаласында өткен жарыста күміс медальға ие болды.

Зоя жеңіс құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттік өмір

Кафедрадағы студенттердің  ғылыми-зерттеу жұмысы өз дәрежесінде жүргізілуде. Алда Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын орындау мақсатында студент жастардың ғылыми-тәжірибелік жұмысын дамыту жоспарлануда.

Алматы қаласында «Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі» пәнінен өткен  республикалық олимпиадаға қатысқан төмендегі студенттер Рысбеков Ж., Баймырзаев Б., Альжанов Ж. олимпиядаға қатысқаны туралы сертификат алды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу» атты Жолдауына арналған Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен студенттік ғылыми университеттік конференцияға 27 баяндама беріліп, оның ішінде 3 студенттің баяндамасы мақтауға лайық деп танылды.

Жыл сайын қыркүйек айында студенттер және тәлімгерлер «Білім күніне» арналған акцияға қатысады. Барлық оқу топтарында  «Президенттік шақырым – денсаулыққа жол» атты іс-шаралары болып өтеді.

Студенттер «Республика күніне», «Қала күніне» арналған іс-шараларға қатысады. «СПИД - ХХ ғасырдың дерті» атты дөңгелек столда есірткінің, темекі шегудің және арақ ішудің адам ағзасына зиян екендігі туралы кеңінен атап өтілді. Студенттер аймақтық, қалалық, университетаралық, халықаралық  спорттық жарыстарға белсенді қатысады.

«Жастар және саясат» атты тәлімгерлік сағаты, «Қазақстанның болашағы жастардың қолында», «Ғылым және өмір», «Ғылым және жастар» атты диспуттар мен семинарлар болып тұрады.

Студенттер тәлімгерлермен бірге қала музейлері мен театрларға барады. Барлық оқу топтарында «СПИД-ке жол жоқ, есірткіге жол жоқ» атты тақырыпта әңгімелесу жүргізіледі.

Кафедра студенттері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне» арналған спорттық жарыстарға белсене қатысып, Олимпияда ойындарына қатысушылармен, республикаға, облысқа және қалаға танымал ең таңдаулы спортшылармен кездесіп отырады.

Кафедра студенттері «Жасыл ел» және студенттік құрылыс отрядтарында белсенді жұмыс істейді.

 Студенттер «Халықаралық әйелдер күні - 8 мартқа» және «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шараларға белсенді қатысып отырады.

Кафедра оқытушылары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Халқына» жолдаған Жолдаулары туралы №1 жатақхана студенттерімен әңгімелесу жүргізеді.

«Жеңіс Күніне» және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тәлімгерлік сағаттары өтіп отырады.

Кафедра ПОҚ мектептік және спорттық гигиена, спорттық медицина, спорттық физиология, анатомия және спорттық морфология пәндерінен А.Жолдасбеков атындағы № 9 мектеп-лицейінде, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында және Б.Саттарханов атындағы облыстық дарынды балалар спорт мектеп-интернатында теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Сонымен қатар, спорт түрлерінен, гимнастикадан, спорттық күрестің әр түрлерінен мастер-класстар жүргізеді.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде кафедра оқытушылары мен студенттер белсенді үгіт-насихат жұмыстарын қала мектептерінде ғана емес, сонымен қатар облысымыздың  Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Қазығұрт аудандарындағы ауылдық мектептерінде де  кеңінен жүргізеді.

Оқу-жаттықтыру кезінде студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында студенттерге спорттық базалар беріледі және  студенттер спорттық жарыстарға, Қазақстан Республикасының, Азияның, Әлемнің  біріншіліктеріне және де Олимпияда ойындарына және т.б. ойындарға қатысуға мүмкіндік алады.

    Біздің жетістіктеріміз

Мамандық студенттері бұқаралық спортта үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан Республикасының көк байрағын аспанға желбіретіп, Қазақ елін дүние жүзіне танытуда. 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында: бокстан Әлем чемпионы – Б. Саттарханов,  М. Ділдәбеков – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Базарбек Домбай – (дзю-до) – 5 орын, ауыр атлетикадан Таьяна Хромова, Бақыт Ахметов қатысты. 2004 жылы Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарында: А. Юсупова (көркем гимнастика), О. Довгун (оқ ату) 4 орын алды, Татьяна Хромова, Бақыт Ахметов (ауыр атлетика) – 6-7 орындарды алды.  2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында: Е. Шыналиев  3- орын, Е. Шалыгина 3- орын, А. Юсупова 4-ші орын, В. Коваленко, Ю.Юрков, О. Довгун – оқ ату, С. Истомин ауыр атлетикадан қатысты. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиада ойынында Н. Мамаев таэквондадан қатысты, ал 2016 жылы Рио-де-Жанэйрода  өткен Олимпиада ойындарында Ж. Жаппарқұл күміс жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы универсиадада 2002-2005 жылдары Универсиада Кубогін, 2007 жылы қола жүлдені, 2011 жылы екінші орынды иелендік. Елена Шалыгина Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, бокстан 2011 жылы Д. Оспанов ауыр салмақтан Азия чемпионы, 1-ші жасөспірімдер Олимпиадасының (Сингапур 2010ж.), ауыр атлетикадан Гватемаль қаласында Жазира Жаппарқұл Азия чемпионы. Анастасия Прилепа 2011 жылы Сингапурде өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 2 күміс медаль иеленді. 2011 жылы Жакипбекова Перизат самбодан Әлем чемпионатында қола жүлде, Тегеран қаласында (Иран) еркін күрестен Дүйсебеков Ержан 3-ші орынды иеленді. Сан – Паулу 2012 жылы А. Ержан армрестлингтен Әлем чемпионы, Таиландта І. Ермухамед – еркін күрестен қола жүлдегер, Д. Суханбердиева, В. Абдуразаков 2012 жылы каратэден Әлем кубогінің жеңімпаздары атанды.

Өзбекстан Республикасы 15-21 маусым аралығында 17-18 жастағы 55 кг салмақ дәрежесінде спорттың кикбоксинг түрі бойынша халықаралық чемпионат өтті. Чемпионатта Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан, Туркия, Украина, Ресей, Испания секілді мемлекеттерден спорт шеберлері қатысты. Жарыста М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мәдениет және спорт» факультеті МС-20-3к2 тобының студенті Сейден Ұлпан 1-орын алып, елге алтын медальмен оралды.

Жеңіс құтты болсын, Ұлпан!

 

 

 

 

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Бастапқы әскери дайындық кафедрасында 2021 жылдың 28-29 қаңтарында В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиадасы болып өтті. Оған университетіміздің 5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттері қатысып жалпы командалық есепте  3-шіорын алуымен құттықтаймыз.

Команда құрамы:

1. Тургинова  Сандугаш Бейксейткызы – 2 курс студенті

2. Нұртай  Бекжан  Маратұлы – 3 курс студенті

3. Романов Нұрдаулет Ғабитұлы – 4 курс студенті

Топ жетекшісі: аға оқытушы Бекбосунов Ансарбек Куралович

 

  

Бекбосунов Ансарбек Куралович

 

 

 

«ҚР Білім беру саласының көшбасшысы-2020»  атты республикалық байқауынан: «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы-2020» атты                       I дәрежелі диплом, кітап жинағы, төс белгісі және куәлігімен марапатталды.

 

  

 

Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 1-курс студенті Әскер Жансерік Нұржанұлы ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған Уральск қаласында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегері 73 кг салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды.

 

 

Оқу – әдістемелік жұмыстар

Кафедрадағы оқу процестерін ұйымдастыру жұмыстары ҚР  ЖМББС және т.б. нормативтік құжаттарға, В005  Дене шынықтыру мұғалімдерінің дайындығы білім беру бағдарламасына сай. Кафедрада  замануи инновациялық педагогикалық технологиялар енгізілген. Олар презентециялар, тесттер, глоссарийлер. Кафедра оқытушылары оқу процесінде пән бойынша студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру құралдарын, дәріс сабақтарында бейнематериалдарды, бейнежазуларды кеңінен қолданады.         

Кафедра студенттері қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамассыз етілген.

Кафедрада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында СӨЖ, бақылау, басқару және жоспарлауға арналған, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалған.           

Кафедрадағы  СӨЖ, ОСӨЖ-ді ұйымдастыру оқылатын пәндердің бағдарламасына сәйкес.

Кафедрада барлық пәндер бойынша дәріс топтамалары және конспектілер бар. 

Кафедраның базалық пәндеріндегі дәріс сабақтарының мазмұнына спорт ілімінің жаңа жетістіктері, ҚР Спорт туралы Заңы, Президент сынамалары,  ҚР Үкіметінің кешенді бағдарламалары енгізілген.

Кафедра студенттерінің оқу үлгерімін бақылауды ұйымдастыру жұмыстары  студенттерді аттестаттау ережесіне сай.  Оқу пәндері бойынша емтихан тест түрінде, ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.      

Мемлекетаралық бақылау  нәтижесі студенттердің білім деңгейінің сапасы маман даярлау сапасына сай екендігін көрсетті. Кафедрада төмендегі өзекті мәселелер бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді: «Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі», «Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының заманауи мәселелері», «Әр түрлі жастағы тұрғындардың қимыл белсенділігінің күн тәртібі».

Ғылыми – зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

Мемлекеттік бюджет бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде болашақ дене тәрбиесі мұғалімін кәсіптік даярлауға тұлғалық-бағдарланған тәсілдің ғылыми аспектілері».  шифрі ГБ НИР-21-09-12. Жұмыс бес бөлімнен тұрады.

1-ші этап  Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби және тұлғалық қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін талдау және диагностикалау.

Кафедра ПОҚ Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық конференцияларына белсенді қатысады.

 Жоспарға сай кафедра  оқытушылары жыл сайын ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жарыққа шығарады. Кафедра бойынша 300-ге  жуық ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік әдебиеттер жарық көрген

СҒЗЖ насихаттау студенттерді  үйірме жұмысына тарту және семинарлар мен  ғылыми конференцияларға белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асады. Кафедраның ПОҚ-ы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын  арттыруда тынбай   жұмыс жасап келеді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер пәндік олимпиядаларға белсенді қатысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, конференцияларға баяндамалар дайындап, оларды ғылыми басылымға ұсынады,  конкурстарға қатысады.

Кафедрада дене тәрбиесінің міндеттері және оқыту процестері бағытты түрде, педагогикалық негізделген,  ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып  шешіледі.

Кафедра жанында «Физкультурник» және «Патриот» үйірмелері жұмыс жасайды.

 

Студенттік ғылыми үйірменің мақсаты: спорттық әрекеттер арқылы студент жастар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауларын басшылыққа ала отырып, тәрбиелеу жүйесін, тәжірибелік түрде негіздеу.

 

Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен  конференцияларға қатысты. Конференцияға қатысушы студенттер тізімі СҒЗЖ ұйымдастыру орталығына ұсынылды.

 

 

 

 

 

МС-19-4к тобының студенті Тургинова Сандуғаш Бексейтқызы «Түркі әлемінің үздік студенті -2021» атты халықаралық үздік жастардың байқауы конференциясының жеңімпазы атанды. Жетекшісі: магистр, аға оқытушы Бекбосунов Аңсар Куралович.

Тәрбие жұмысы

Оқу жылында тәрбие жұмысы жоспар бойынша өткізіледі. Барлық топ тәлімгерлері өз топтарына тәрбиелік мәні бар іс-шараларды өз деңгейінде кестеге сай өткізіп отырады.

Тәрбие жоспары университеттің тәрбие жұмыс жоспары арқылы құрастырылған. Тәрбие жоспары 10 бағытты құрайды:

1. Тәрбиелік, білімділік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру

2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру

3.  Рухани – адамгершілік тәрбие

4. Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру

5. Діни толеранттылықтың қалыптасуы

6. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру

7. Экологиялық тәрбие

8. Интеллектуалды және коммуникативтік мәдениетті дамыту

9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие беру

10. Студенттің өзін-өзі басқару жүйесін және жастар бастамаларын дамыту

Тәлімгерлер тәрбие жұмысының жоспары деканатта бекітіліп жоспар бойынша апта сайын тәрбие сағаттарын өткізеді. Тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің мамандануының негізгі бағыты, студенттердің талап тілектері мен қызығушылықтары назарда болады.

 

  1. Университет студенттерімен тәрбиелік, білімділік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру.

Кафедра меңгерушісі Б.А.Жолдасбекова 1-курс студенттеріне факультет деканын, факультеттің ішкі ережесімен таныстырып, сұхбат жүргізді.

 

 

 

 

 

Академиялық топ тәлімгерлері және басшылары тағайындалып, 1-курс студенттері факультет тәртібімен таныстырылды.

 

Топ тәлімгерлері әр топтағы шетел студенттерімен миграция жайлы, тіркелу жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда 1-курсқа қабылданған шет ел азаматтарымен 1-курс топтарының тәлімгерлері Есмаханова Ж., Рысбаев Н., Дүйсеев М., Тұрысбек Б., Г.Н.Алтаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру

Академиялық топтарда ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата заң» атты тақырыбында тәлімгерлік сағаты өткізілді.

Тәлімгерлік сағаттың мақсаты: студенттерге ҚР Конституциясын таныстыру. Тәлімгерлік сағатқа баяндама жасалып, студенттер өздерінің дайындаған баяндамасын қорғады.

 

 

ФК-18-1р тобында тәлімгер Конашева Р.А. 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында тәлімгерлік сағат өтті. Тәлімгерлік сағат бойынша баяндама жасалып, студенттер арасында тақырып талқыланды.

 

 

 

Академиялық топ студенттері арасында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркенднеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолдауды насихаттау барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға кафедра ПОҚ толықтай жауап берді. Академиялық топ студенттері тәлімгерлік сағаттың тақырыбына қатысты баяндамалар жасады.

«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттері арасында «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні: Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді.

 

 

ФК-19-1к7 тобында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ҚР ның тәуелсіздік күніне арналған тәлімгерлік сағаты өткізілді. Топ студенттері тақырып бойынша дайындап келген баяндамаларымен таныстырды. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарда тіркелген. Топ тәлімгері -Жолдасбекова Б.А.

 

Кафедра ПОҚ кафедра студенттерімен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласын насихаттау негізінде «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауын студенттермен талқылады. Кездесу барысында студенттерді қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берді.

 

 

 

 

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күнін еске алу тәлімгерлік сағатын өткізу.

ZOOM платформасы арқылы кафедра тәлімгерлері Конашева Р.А., Алтаева Г.Н. «Знаем, помним, верим ...» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат қонағы- ауған соғысы ардагері М.М.Шыңғысбаев мырза, факультет аға тәлімгері Бексеитов Н. және кафедра студенттері қатысты.

ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай тәлімгерлік сағаттар өткізу.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша барлық академиялық топтарда ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, оның алдын алу және онымен күрес тақырыптарында тәлімгерлік сағаттары ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарында жазылды.

3. Рухани-адамгершілік тәрбие

ФК-17-1к1 тобында тәлімгер Тұрысбек Б. «Адамгершілік- адамның асыл қасиеті» атты тақырыпта тәлімгерлік  сағатын өтті.

Тақырып бойынша баяндама жасалып, студенттер арасында талқыланды. Тәлімгерлік сағатты Тұрысбек Б. қорытындылады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ ақыны А.Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай Абайдың қара сөздерін, тағлымын жастардың бойына сіңіру мақсатында студенттер арасында челендж ұйымдастырылып, инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерге салынып отырды.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша барлық академиялық топтарда «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тәлімгерлік сағаттары ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарында жазылды.

 

4. Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру.

«Білім күніне» байланысты университет ректоры, профессор Д.П.Қожамжарова жаңа оқу жылымен барлық профессор – оқытушылар қауымын және студенттерді, бірінші курс студенттерін университет әлеміне алғаш қадам басқан күндерімен шын жүректен құттықтап, жаңа оқу жылында барлығына табыс тіледі. 1-қыркүйек Білім күніне арналған іс-шара «Денсаулық» спорт кешенінде өтті.

 

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша барлық академиялық топтарда «Дене тәрбиесі және спорт мамандығының болашағы» тақырыбында тәлімгерлік сағаттары ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарында жазылды.

 

5. Діни толеранттылықты қалыптастыру

Академиялық топтардың кестесі бойынша діни экстремизмнің алдын алу, діни төзімділікті қалыптастыру мақсатында «Діни төзімділікті қалыптастыру» тақырыбы аясында тәлімгерлік сағаттар өтізілді. Баяндамалар жасалып, хаттамалары жазылды.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша барлық академиялық топтарда «Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық» атты тақырыпта тәлімгерлік сағаттары ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарында жазылды.

 

 

 

6. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

МС-18-3р тобының студенттерімен «Темекісіз жарқын болашақ» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өтті.

МС-18-3к5 тобында 1- желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС –ке күрес күніне орай «Мен АИТВ –ның алдын алуын қолдаймын» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тәлімгер топ студенттерімен тақырып бойынша маңызды сұрақтарды талқылады.

 

 

«Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында деректі бейнетаспа студенттер назарына ұсынылды, ватсап желісі арқылы.

7. Экологиялық тәрбие беру.

Облыстық, қала, университет деңгейінде ұйымдастырылған сенбіліктерге, іс-шараларға кафедра ұжымы, студенттері белсене ат салысып отырды. «Гүлдене бер Тәуелсіз Қазақстан!» атты сенбілік өтті.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша барлық академиялық топтарда «Жастар экологиялық қауіпсіздікті қолдайды» атты тақырыпта тәлімгерлік сағаттары ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Хаттамалары тәлімгерлік журналдарында жазылды.

 

8. Интеллектуалды және коммуникативтік мәдениетті дамыту.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша академиялық топтарда өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен өнеріне деген құрметті сіңіру мақсатында тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Тәлімгерлік сағаттың хаттамалары тәлімгерлік журналдарында тіркелді.

 

9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие беру.

№1 жатақханада тұратын студенттермен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы—ауқымды энциклопедиялық ізденіс бастамасы» жаңа оқулықтармен таныстыру үшін кафедраның тәлімгерлері кездесу өткізді. Атап айтсақ Б.Тұрысбек, Р.Конашева, Г.Н.Алтаева кездесу барысында студенттер қойған сұрақтарға толықтай жауап берді.

 

 

 

10. Студенттің өзін-өзі басқару жүйесін және жастар бастамаларын дамыту.

Тәлімгерлік сағаттар кестесі бойынша академиялық топтарда Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Ұлы дала жастары» жобасын жүзеге асыру мақсатында тәлімгерлік сағаттары өткізілді.

Біздің түлектеріміз:

Тукеев С.А., профессор, ҚР ұлттық командасының директоры; 

Аяшев О., п.ғ.д., профессор, ОҚМПИ ректоры;

Кобланов Ж.Н., п.ғ.к., профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы;

Таиров Ю.А., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші;

Давлетханов Ш.Г., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы; Ганота М.В., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы;

 Юсупова А.М., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.

Спортшыларымыздың жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуге университетте жақсы жағдайлар жасалған. 12 спорт зал, 3 футбол алаңы, дүниежүзілік стандартқа сай жүзу бассейні, жеңіл атлетикалық манеж, спорттық ашық алаңдар және сауықтыру орындары. Жыл сайын университет Ғылыми Кеңесі Қазақстан Республикасы құрама командасында өнер көрсететін спортшыларға университет атынан грант бөлуде.


Күнтізбе

Шілде 2022
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2022 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.