Спорттық пәндер және жекпе-жектер

Кафедра меңгерушісі:
Ерепбаев Нурлан Кыдырбекұлы 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  м.а.
Мекен жайы: Шымкент қ. 486018,Тауке-Хан  көш 5,  № 12, «Денсаулық»
Телефоны:8(7252)53-02-49

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

 

   Спорттық пәндер жекпе- жектер кафедрасының тарихы: СПЖЖ  кафедрасы 1990 жылы құрылған. 1990-92 жылдары «Спорт пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін Е.Ш. Шатаев атқарды.

Ал 1993-94 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін М.Ш. Артықбаев атқарды.

1995-2001 жылдары «Спорт пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін педагогика ғылымының кандидаты, доцент Ж.Б. Биданов атқарды.

Сонымен қатар 2002-2006 жылдары кафедраны педагогика ғылымының кандидаты, доцент М.Ш. Артықбаев басқарды.

            "Спорттық жекпе-жектер" кафедрасы 2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шешімімен екі кафедраның "Спорттық күрес және қолданбалы спорт түрлері" және "Бокс және ұлттық спорт түрлері" кафедрасының бірігуімен қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі Дүйсенбаев Ғалым Тастанбекұлының басқаруымен кафедрада 11 оқытушы және 4 лаборант қызмет атқарды.

     М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрамында "Дене тәрбиесі және туризм" институты ашылуына байланысты 2006 жылдың тамыз айынан "Спорттық жекпе-жектер" кафедрасы "Ұлттық спорт түрлері және спорттық жекпе-жектер" кафедрасы деп аталып, қайта құрылды. Осы оқу жылында кафедра меңгерушісі Ткаченко Сергей Владимировичтің басқаруымен кафедрада 8 оқытушы және 4 лаборант қызмет атқарды.

Ал 2007 жылдың тамыз айынан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, "Дене тәрбиесі және туризм" институтының шешімімен "Ұлттық спорт түрлері және спорттық жекпе-жектер" және  "Спорт пәндері" кафедраларының бірігуімен "Спорттық пәндер және жекпе-жектер" кафедрасы деп аталып, қайта құрылды.  Кафедрада күрес түрлерінен (грек-рим және еркін күрес, самбо, қазақша күрес, дзю-до), бокстан, спорт ойындарынан (футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, гимнастика), жүзуден, жеңіл және ауыр атлетикадан, шығыс жекпе-жектерінен және ұлттық спорт түрлерінен мамандар дайындайды.

       Қазіргі уақытта «Мәдениет және спорт» факультеті, «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының оқытушылар құрамында 3 педагогика ғылымының кандидаты және профессор Ерепбаев Н.К., Биданов Д.Б., Наханов К.С., 1-доцент Килибаев А.А.,  аға оқытушылар: Давлетканов Ш.Г., Таиров Ю.А., Оспанбаев Е.С., Батыров Н.Ж., Кадыров А.К., Оспанов Ж.О., Изосимова М.А., Саттаров Б.К., Ижанов Ж.Т., Есмахан Н.Ж., оқытушылар: Жанбыров Б.Н., Кулматова А.Х. дәріс береді.       

 

Жалпы мәлімет

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  шешімімен 2007-2008 оқу жылының басында екі кафедраның  «ҰСТ және спорттық жекпе-жектер» мен  «Спорт пәндері» кафедрасының бірігуімен қайта  құрылып «Спорттық пәндер және  жекпе-жектер» кафедрасы деп аталды. Кафедрада лабораториялық кабинеттер мен бөлімшелері жоқ.

         Кафедра 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығы  бойынша  мамандар  дайындап шығарады және 5В010400 – «Бастапқы  әскери дайындық» мамандығының студенттеріне спорт пәндерінен дәріс өткізеді.

Жоғарғы дәрежедегі мамандар дайындау және оқу-жаттығу процесін жоғары дәрежеде өткізу үшін кафедраға төмендегі материалдық-техникалық база кіреді:

 

Аталуы

Ауданы

Ғимарат

 

1

№9 аудитория

63,0

№12 оқу ғимараты

2

Гимнастика залы

541,0

№10 оқу ғимараты

3

Ойын залы

644,8

№10 оқу ғимараты

4

Күрес залы

540,0

№7 оқу ғимараты

5

Бокс залы

324,0

с/к «Денсаулық»

6

Жеңіл атлетикалық манеж

756,0

с/к «Денсаулық»

7

Жүзу бассейні

3500,0

с/к «Денсаулық»

8

Стадион:

Футбол алаңы

Айналмалы жүгіру  жолы

Ұзындыққа секіру орны

Диск лақтыру орны

 

100х64

4х400

6х4

3х30

с/к «Денсаулық»

9

Штанга залы

221,0

с/к «Денсаулық»

10

Күрес залы

432,0

с/к «Денсаулық»

 

     Бүкіл оқу ғимараттары санитарлы-эпидемиологиялық, техникалық және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің талаптарына сәйкес. Кафедраның материалды-техникалық базасы, сонымен қатар оның спорттық жабдықтармен  қамтамасыз етілуі, оқу процесінің жоғары тиімділігін арттырады. Бұл залдарда біздің студенттеріміз  спорт түрлерінен білім алады және сабақтан тыс уақытта оқу-жаттығу жұмыстарымен айналысады.

Студент-практиканттар төмендегі спортмектептерімен келісімшартқа отырады.

Күрестен Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы №18  Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Түркістан облыстық (Шымкент қаласы) №5 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Шымкент қаласы жеңіл атлетикадан қоғамдық бірігу федерациясы  (директоры

Шымкент қаласының №17 футболдан олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Шымкент қаласы «Қазығұрт» спорт ойын түрлері клубы

 

  Жаңалықтар

 

«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының 2019-2020 оқу жылында кафедрасының  аға оқытушысы Оспанбаев Е.С. бокстан спорттық төреші ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ шетелдерде шетел азаматтарына жоғары дәрежедегі төреші ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 2020ж. 15.01-03.02. аралығында кафедраның аға оқытушысы Таиров Ю.А. Туркия қаласына барып, жоғары дәрежедегі төреші және жоғары дәрежелі спортшы ретінде семинарларға қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының оқытушылары ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын  кафедрада іс-шаралар өткізіліп,  әлеуметтік желіге сайттарға ақпараттар 17 қараша 2020ж. таратылды. Жолдауға байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

Жетістіктер және марапаттар

 

1999 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің футбол командасын жаттықтырады. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында өтетін Универсиаданың 2001, 2005, 2007,        2011 жылдары футболдан  4-дүркін чемпион атағына жеткізді.

2019ж. Елбасы Н.Назарбаевтың «Саламатты - Қазақстан» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1 курс студенттері арасында футболдан  жарыс өткізілді.

 

2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін  Құрмет Грамотасымен марапатталды.

2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Д.Қожамжарова 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, еліміздің Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасы мен марапатталды. 

2019 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік педагог-2019» атты республикалық байқауының жеңімпазы. 

   

 

  

Кафедра студенттері көптеген спорттық жарыстарға, олимпиадаларға қатысып, орындарға ие болады. Кафедра студенттерінің жетістіктері ол алған спорттық жарыстарда олимпиадалық жеңімпаздық дипломдары. Қазіргі таңда карантинге байланысты көптеген жарыстар, іс-шаралар жоспарланбай отыр. Пандемия қай уақытта аяқталса, кафедра студенттері жарысқа ұмтылуда.

 

Оқу-әдістемелік жұмысы

 

          Оқу-әдістемелік жұмысы кафедра мәжілісінде бекітіліп, жоспар бойынша жүргізіледі. Кафедрада «Дене шынықтыру» пәнінен, спорт түрлері футбол, волейбол, күрес, бокс, жеңіл атлетика, баскетболдан  оқу жұмыс бағдарламалары, силлабустар  кафедра мәжілісінде талқыланып, факультеттің әдістемелік комиссиясы және оқу және оқу-әдістемелік  жұмыс жөніндегі проректоры тарапынан бекітілген.

    Кафедрада барлық пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары бар, олар модульдік-рейтингтік жүйеде оқытудың пәндік типтік бағдарламалар және барлық пәндер бойынша студенттердің біліктілігін бақылау негізінде құрылады және орнатылған формаға сәйкес (пәндердің құрылысы мен мазмұны, пәндердің мақсаты мен мәселесі, оқу жоспарының сағатты бөлу қосымшасы, семинарлық сабақ жоспары, минимум-бағдарламасы, емтихандық сұрақтар, білім бақылау графигі, СӨЖ тапсырмалары, әдебиет тізімдері, әдістемелік нұсқаулар) қазақ және орыс тілдерінде.     Жұмыс бағдарламалары сәйкес кафедралармен келісілген.

     Таратылатын материалдар емтихан билеттері, емтихан сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар және т.б. түрінде жасалынған.

     Оқу сабақтарының барлық түрлері білім стандартына, типтік және мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес өтілді. Сабақтың сапасы кафедра меңгерушісі және ЖО ішінде профессор-оқытушы құрамының өзара ішілік сабаққа қатысуын бақылау жоспар бойынша жүргізіліп кафедра мәжілісінде талқыланды. Тәжірибелі оқытушылар жас оқытушылардың сабағына қатысуы, олардың әрі қарай педагогикалық қызметтіне пайдалы әсерін тигізеді.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «2050 ж. дейін даму стратегиясы бағдарламасын» орындалуына арналған ОҚМУ-де өңделген «Дене тәрбиесі және спорт құралдарымен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз етуіне байланысты мақсаттық кешенді бағдарламаға» сәйкес кафедрада Педагогические условия формирования самовоспитания студентов в процессе подготовки к спортивной деятельности в контексте «Стратегия Қазақстан-2050», п.4 «Знания и профессиональные навыки – ключевые ориентиры современной системы образования, подготовки и переподготовки кадров» атты тақырып құрылған:  шифр  Б-16-12-09, хаттама № 3,  23.10.2015ж. Жетекшісі: Ерепбаев Н.К. – кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент м.а. Орындаушылар: Биданов Д.Б. – п.ғ.к., профессор, Килибаев А.А. – доцент, Наханов К.С. – п.ғ.к., доцент, Оспанбаев Е.С. – аға оқытушы, Давлетканов Ш.Г. – аға оқытушы, Батыров Н.Ж. – аға оқытушы, Оспанов Ж.О. – аға оқытушы, Таиров Ю.А. – аға оқытушы, Кадыров А.К. – магистр, аға оқытушы, Саттаров Б.К. – аға оқытушы, Изосимова М.А. – аға оқытушы, Есмахан Н.Ж. – аға оқытушы, Ижанов Ж.Т. – магистр, аға оқытушы,  Жанбыров Б.Н. – магистр, оқытушы, Кулматова А.Х. – оқытушы. Бұл тақырыпқа байланысты  спорт ойындарына кәсіптік қолданбалы дене дайындығын енгізу жұмыстар өткізілуде,  Купер тесті бойынша  денсаулықты анықтауға тестілеу өткізілді, Президент тесті бойынша дене дайындығы анықталды. Студенттердің күн тәртібі және қимылдық белсенділігі зерттелінді.

     Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын қалыптастыру мақсатында оқытушылар нақты мамандыққа байланысты кәсіби-маңызды сапасын дамыту үшін кейс енгізілді.

Кафедрада кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кафедраға бекітілген Жетісай қаласындағы №12 орта мектебі, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы, №39 «Асық ата» атындағы орта мектебі, №40 «Ынтымақ» атындағы орта мектебі, №41 «Қ. Дәрімбаев» атындағы орта мектебі, №42 «С. Қожанов» атындағы орта мектебі, №26 «Жамбыл атындағы» мектеп-гимназия, Шымкент қаласының №100 «Жұлдыз» орта мектебі, №101 «А.Ақбаев» атындағы жоғары орта мектептеріндегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша семинарлар онлайн түрінде жүргізіліп, есептер өткізілді.

 

 Тәрбие жұмысы   

 

Оқу жылының басында факультеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес етіліп,   кафедралық тәрбие жұмысының жоспары жасалынады. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп, хаттамалар жазылады. Тәлімгерлік сағаттың өткізілу мерзімі бекітіліп, кесте бойынша барлық тәлімгерлер тәлімгерлік сағатын өткізеді. Барлық топ студенттеріне сабақтан тыс уақытта спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, қадағаланып отырылады. Топ студенттері ҚР-ның конституциясы мен «Білім туралы» заңмен таныстырылады.  Тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде: қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар,  интернационалдық  және патриоттық тәрбие, діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары, адамгершілік мәдени және эстетикалық тәрбие, ғылыми зерттеу және шығармашылық іс-шаралары, жатақханадағы іс-шаралар, студенттерді спорттық бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары, студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен және көп балалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.

 «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының 2019-2020 оқу жылында 6В01440, 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттер саны: 568, оның ішінде мемлекеттік гран негізінде оқитын студенттер саны: 257. Ал биыл 2020-2021 оқу жылында 6В01440, 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттер саны: 535, оның ішінде мемлекеттік гран негізінде оқитын студенттер саны: 281. Сондай-ақ кафедрада білім беру бағдарламаларының тобы бойынша мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен талапкерлердің саны былтырғы жылға қарағанда артқан.

«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының 2020-2021 оқу жылында 6В01440, 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша шетел азаматтары контингенті төмендегідей:

  1. МС20-3к4 тобында  – 2 шетел азаматы
  2. МС19-3р тобында – 17 шетел азаматы
  3. МС19-3кс тобында – 5 шетел азаматы
  4. МС19-3к1 тобында – 4 шетел азаматы
  5. МС19-3к2 тобында – 8 шетел азаматы
  6. МС19-3к3 тобында – 4 шетел азаматы
  7. МС17-3к3 тобында – 7 шетел азаматы

 

 6В01440, 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша шетел азаматтары контингентін арттыру мақсатында, әрбір білім бағдарламасы деңгейінде әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпараттарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ZOOM платформасы арқылы «Ашық есік күні» онлайн-режимінде  іс-шаралар, семинарлар өткізілді. Сондай-ақ шетел азаматтарын біздің М.Әуезов атындағы ОҚУ университетімізге оқуға шақырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене бітімін шынықтыруға 6В01440, 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын таңдауға үгіт-насихат онлайн түрінде жасалды. 

 

 


Күнтізбе

Шілде 2022
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2022 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.