2016 жылдың 21 сәуір күні, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, №8 ғимаратының акт. залында, ПИК-13-8к тобының студенттері, «Режиссура-6» пәнінен «Сізге ғашық болуға болады ма?» атты класс-концертін өткізді. Махаббат тақырыбында қойылған іс-шара көптің көңілінен шығып, ғашық жандарға табысуға мүмкіндік берді. Топ жігіттері өздерінің сүйген аруларына ерекше музыкалық номерлер дайындап, тосын сый жасады. Болашақта топтан осындай қызықты концерттерді асыға күтеміз.