«КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨРНЕГІ»

2021 жылдың 20 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жетіасар» көркем-сурет галереясында суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Рәсілбек Естемесовтың «КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨРНЕГІ» атты жеке шығармашылық  көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына аталған оқу орнының Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова,  ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сұлтан Иляев, әуесқой суретші М.Мухтарова, оқу орнының оқытушылары және студент-жастар қатысты. 
Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова Рәсілбек Әбделіұлына өнерлі жастар үшін бүгінгі ұйымдастырып отырған көрмесі үшін алғысын білдіріп, жастарға осы Рәсілбек ағаларының шығармашылық жолынан үлгі алуларына, өздерінің де өз салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдіріп, ол үшін университетте барлық жағдай жасалып отырғанын және жалғасын табатынын жеткізді.  
Құттықтау сөз кезегі алған ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сұлтан Иляев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Ануар Айдосов және Мәдениет және спорт факультетінің студенті Сатанова Жұлдыз Рәсілбек Әбделіұлының шығармашылығына тоқталып, жеке көрмесінің ашылуымен құттықтады.
Көрменің жалғасы Рәсілбек Естемесовтың студенттермен мастер-класс өткізуімен жалғасты.

   


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.