Басып шығару

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

«Педагогика және мәдениет факультеті»  «Мәдени тынығу қызметі» кафедрасының  1 курс, ПИК-14-15к2 тобы студенттері 02.04.2015 жылы  сағ 12.00 акт залда Ұлы Отан соғысының 70-жылды-ғына орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»  тақырыбында тәрбие сағатын өткізді, тәлімгері: Отарбаева Б.К. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс тарихын дәріптеу.Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер-лердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету.


powered by social2s