Басып шығару

Мектептегі конференция

Қазан айының 24-і күні қаламыздың «Ақжайық» мөлтекауданында орналасқан       № 88 жалпы орта мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – қазақ халқының сан ғасырлық арманы» тақырыбында оқушылармен баспасөз конференциясы өтті. Кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дан «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі С.Карибаев, өзге де жоғары оқу орындарының ұстаз ғалымдары шақырылды. Сұрақ-жауап барысында мемлекетіміздің тарихынан мол мағлұматтар беріліп, елдігіміздің ертеңі туралы тәлімді сұхбат жүргізілді.


powered by social2s