Басып шығару

Онлайн семинар – конференциясы

10 ақпан күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасы мен ОҚМПИ «Қазақстан тарихы және әлем тарихы» кафедрасы арасында G-global жүйесіндегі  «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске - 100 жыл» тақырыбындағы семинар – конференция болып өтті. Семинар - конференцияның мақсаты семинар-конференция барысында жоғарғы оқу орнында білім алушылар мен ізденушілердің белсенділігін, қызығушылығын    арттыра отырып, қазақ халқының тарихын оқып білуге, жастарды  ұлтжандылық пен   Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Семинар-конференцияға ОҚМУ-дің кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Карибаев С.У., кафедра оқытушылары - тарих ғылымының кандидаттары  Тілеуқұлов Г.С., Айкөзов С.И., Мулдахметова Ж.Е., Рсымбетова Л.А., аға оқытушы Қабыл А.Ә. және ОҚМПИ-нің кафедра меңгерушісі Сүгірбаева Г.Д., тарих ғылымының кандидаттары Бекманова Д.М., Марина Г.А., Айтаев Б., Анарбаев К., Абубакиров С.С., сондай-ақ студенттер тобы қатысты.


powered by social2s