Басып шығару

Ұлттық тарих мәселелері

     10 қараша күні Шымкент қаласындағы Жаңа технологиялар колледжінде «Қазақ халқының ұлттық тарихы: қайнар көзі, даму кезеңдері және  мәселелері» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция  болып өтті. Конференцияға облысымыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары мен  орта арнаулы оқу орындарының тарихшылары қатысты.

Конференцияның пленарлық  мәжілісінде  М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев «Қазақ мемлекеті мен мемлекеттілігінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады.


powered by social2s