Басып шығару

«Cтуденттік практика»

              2016 жылдың 18 қантарынан бастап «Педагогика және мәдениет» факультеті  5В090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1,3,4 курс студенттері оқу, өндірістік және диплом алды практикаларына оқу-ғылыми  өндірістік кешен базаларына барды. Практика барысында cтуденттерМәуліт мерекесіне арналған «Тәлімі мол тәрбие» діни концертін, Ж.Шанин атындағы Облыстық академиялық драма театрында өткізіліп жатқан «Тіл табысқандар» спектаклінің репетициясын көрді. Сонымен қатар 3 курс, ПИК-13-15к1, ПИК-13-15к2 тобының студенттері Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығында «Сәулелі жұмбақ жұлдыз шуағын ал» атты ақын Несібелі Есенбековамен кездесу кешін ұйымдастырып, өткізді.


powered by social2s