Басып шығару

«Өркен» студенттік театр-студиясы.

        2016  жылдың  18  ақпан  күні  сағ. 14:00-де М. Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің, №8 ғимараттың  акт.  залында  «Өркен»  студенттік  театр-студиясы  Е. Жолдасовтың «Күйеуім  болыңызшы» комедиясын сахналады. Аталмыш  комедия,  ауыл  өмірінің  есте  қаларлық кызықты сәттерін  бейнелейді. Спектальді  тамашалауға  тек  факультеттің студенттері ғана емес, сонымен  қатар  басшылық, ұстаздар  қауымы мен  құрметті  қонақтар  келіп  тамашалағаны  баршамызды  қуантты. Бірнеше  жылдық  тарихы  бар  театр,  бұл жолы  да сүйікті  көрермендерінің көңіл-күйін  көтеріп, актерлік  шеберліктерін  байқатты. Болашақта өркендіктердің жаңа  қойылымдарын  асыға  күтеміз.

Сахнада Ханзат –Канайбекова Д., Ділдахан – Әбіл Ф.,
Қанаш – Мақұлбай С., Күлпан – Бексары Г.

 

Сахнада  спектакльдің  барлық  кейіпкерлері.

 


powered by social2s