Жаңалықтар

Түркістанда «Әуезов университетінің күндері» өтті
Басып шығару

Түркістанда «Әуезов университетінің күндері» өтті

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІСТАНДА

17-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «Әуезов университетінің күндері» өтуде. “Мәдениет және өнер” факультеті де іс-шараға қатысып ерекше көзге түсті. 3 күнге созылып жатқан шараға 100-ге жуық мектеп пен колледж түлектері қатыстып үлгерді.

Бұл шара студенттерді, ата-аналарды және басқа да мүдделі тұлғаларды университеттің ғылыми жетістіктерімен таныстыруға арналған. Іс-шара бірнеше бағытта өтуде. Көрмеден бөлек мектеп түлектеріне арналған концерттік бағдарлама мен сыйлықтар ойнатылды.

Шараның бір бағыты – Түркістан қаласының Конгресс-холл фойесінде орналасқан Әуезов университеті ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесі. Әуезов университетінің күндері аясында ұйымдастырылған көрмеде университеттің факультеттері мен жоғары оқу орындарының ғылыми жетістіктерінің кең ауқымы ұсынылған. Көрмеде техника, ауыл шаруашылығы, химия, археология және басқа да ғылыми салалардағы оқытушылардың, жас ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелері мен тәжірибесін көрсететін сан алуан жәдігерлерді көруге болады.

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s