Жаңалықтар
«2018-2021жж. «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» арнайы жобасы аясында жарық көрген 100 жаңа оқулықты оқу үдерісіне енгізу алгоритімін жалғастыру, оқулықтар енгізілген ЖМ\Ф пән сабақтарына сараптамалар жасау» Э.Гомбрих «Өнер тақыры
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 166
Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» – оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек
2018 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл болды.
Осыған орай Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтырдан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген алғашқы он сегіз оқулықтың тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен шараға танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, гуманитарлық ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, жас ғалымдар мен студенттер және жобаға атсалысқан аудармашы редакторлар мен баспагерлер қатысты. Өткен бір жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыс атқарылды. Жалпыхалықтық талқылаудан кейін латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты қабылданды.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап мен оқу құралы жарыққа шықты. Іс-шара барысында философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған осы кітаптардың тұсаукесері жасалды. Мамандар жаңа оқулықтар еліміздегі гуманитарлық білім мен ғылымды дамудың жаңа белесіне көтеретінін, сонымен бірге, жоба аясындағы кешенді жұмыстар қазақстандық аударма ісінің дамуы мен түпнұсқа тілден қазақ тіліне тікелей ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етіп жатқанын айтты. Басқосуда еліміздегі іргелі жастар ұйымдары «100 жаңа оқулықтың» тарихи маңызы, жаңа кітаптарды білім беру бағдарламасына енгізу және жалпы жоғары білім беру жүйесін заман талаптарына сай реформалау жөнінде үндеу жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалардың қай-қайсысы да айрықша маңызды екеніне тоқталып, әр бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» отандық жоғары білімді дүниежүзінің ең озық тәжірибесімен таныстыра отырып, оны әлемдегі маңдайалды университеттер деңгейіне шығаруға жол ашатынын атап көрсетті. Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы іске асып жатқан қоғамдық сананы өзгерту ісінің негізгі тірегі – жаңа мазмұнға сүйенетін білім беру жүйесі екеніне ерекше тоқтала отырып, «Озық технологияға қол жеткізу маңызды, оны қандай мақсатқа бағыттау керектігін түсіну одан да маңызды» деді.
Елбасы жоба аясында атқарылған жұмыстарды оң бағалап, жобаның екінші кезеңінде қолға алынатын шараларға қатысты, соның ішінде жаңа оқулықтарды білім беру бағдарламасына енгізу және осы оқулықтар негізінде заманға сай электронды курстар мен құралдарды жасақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Тұсаукесерде жарыққа шыққан оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір айда Қазақстанның жоғары оқу орындары мен кітапханаларына тегін таратылатыны мәлім болды. Бұл оқулықтар 2018-2019 жаңа оқу жылынан бастап оқу бағдарламасына енгізілмек.
Сонымен бірге оқулықтардың электронды нұсқалары мен олардың негізінде дайындалған видео лекциялар топтамасы Қазақстанның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы еркін таратылады.
Кітап өнер тарихы туралы болғандықтан, өте бір ерекше дүниелері көп. Сондықтан таралымы, басылымы көп. Біріншіден, кітап қарапайым, халыққа түсінікті тілмен жазылған. Өнердің керемет терминдерінің анықтылығымен халыққа жеткізуімен, тілінің жаттықтығымен ерекшеленген. Және бұрынғы өнертанушылардың кітаптары сияқты емес, жас өспірімдерге арналып, өнердің тылсым қасиетін жастарға түсінікті болуын мақсат тұтқан кітап. Автор соны орындаған. Сондықтан кітаптың мәні зор болғандықтан қазақ тіліне аудару қолға алынған. «Гуманитарлық білім – 100 оқулық» бағдарламасы бойынша мемлекеттік дәрежеде ескерілген еңбек болып саналады. Сондықтан кітаптың мәні ерекше. Белле өнерінің тарихы бұрын бізге тек ресейлік, орыс тілінде басылған кітаптар арқылы, орыс өнертанушыларының көзқарасынан және кеңестік саяси дәуірдегі социалистік реализм негізінен ғана айтылатын дүниелер арқылы ғана білетінбіз. Айтылатын суретшілердің шығармалары батысқа, Америкаға, сол сияқты капиталистік дүниелер деген ұғым арқылы шектеу қойылатын дүниелер болды.
Профессордың айтуынша, еңбектің қазақ өнертанушыларына септігі зор болмақ.
Бізге – қазақ оқырмандарына, қазақ өнертанушыларына кітаптың ерекшелігі зор. Осының барлығын ескере отырып, негізгі мақсат – еркін пайымдау, еркін өнердің қыр-сырына тоқталу т.б. барлығын қазақтілді оқырманға жеткізу. Қазақ тілінде өнертану болды, кітаптар жазылды. Олардың ең бір беделді авторларының бірі – Болат Кесікбайұлы Байжігітов. Сол сияқты бірталай авторлардың қазақ тілінде қазақ өнері, біздің дүниетанымымыз бен қолданбалы өнеріміз арқылы қазақтың ұлттың өнері жайлы айтылады. Ал енді дүниежүзі өнерімен салыстырып айтылатын сүбелі еңбек жоқ. Сондық осы кітап осы кемшіліктің орнын толтыратынына күмәнім жоқ.
Автор оқыған кезеңде мұсылман өнері туралы жазылған еңбектер аз болған. Ал Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихында» иллюстрациямен бірге, шығарманың тарихи кезеңі мен оған себеп болған фактор, мұсылман, шығыс өнері туралы жазылған.
Кітап 28 тараудан тұрады. 680 бетке жақын. Әрбір айтылған шығарманың иллюстрациясы көрсетілген. Сонымен қатар, кітаптағы керемет нәрсе – әр шығарманың қандай мемлекеттен екенімен қоса, авторлардың еңбегіне сол кездегі мемлекеттің саяси-әлеуметтік жағдай себеп болғаны қатар қарастырылған. Яғни, шығарма мазмұнына әсер еткен факторды айта кететін бірден-бір оқулық. Бұл жерде бейнелеу өнері болғанда, кескіндеме, мүсін, сәулет өнерінің ерекшеліктерімен солардың шығармаларына жауап беріледі. Сонымен қатар, жалпы бейнелеу өнерінің дамуына діннің әсері, әсіресе, христиан дінінің әсері туралы толығырақ айтылған. Көп жерде араб өнері айтылмайтын. Мысалы, бізден өнертануда оқығанда мұсылман өнері деген жоқтың қасы еді және шығыс өнері туралы мағлұматтар аз еді. Ал бұл кітапта мұсылман өнері жайлы мағлұматтар берілген. Бұл да – осы кітаптың ерекшелігі мен пайдасының көрінісі деп ойлаймын.
Еңбекті аударуға 3 ай уақыт кеткен. Ал редакциялап, толық аяқтауға 4-5 ай уақытты алған. Кітапты аударуға шектеулі уақыт берді. 3 айда бітірдік. Бірақ оның артында редакциялау, түзету дегендей болды. Осылайша 4-5 айда толық аяқтадық. Кітапта автордың өзі «өнертану терминдерін көп қолдана бердім, өйткені жас оқушыларға арналған еңбек болғандықтан, кітап нақтылы, дәлелді, пайымдаулары түсінікті болу керек» дейді. Сондықтан біз де терминдерді қазақ тілінде түсіндіріп айтып, мәнін барынша жеңіл жеткізуге тырыстық. Орыс, ағылшын тілдеріндегі нұсқасын салыстыра отырып, редакторлар түсінбейтін, келмей қалған жерлерін нақтылады. Осындай еңбектің арқасында аударма өзінің ғылыми құндылығын жоймайды деп сенемін.
Бұл кітап өнердің қызықты, сондай-ақ бұған дейін беймәлім қырларынан хабардар болғысы келгендерге арналады. Кітапты оқуға кіріскен жан мұндағы өте мол детальдардан жаңылыспай, бұл саланың жалпы жоспарымен танысып, көлемді де күрделі кітаптарға арқау болған кезеңдерді, стильдер мен есімдерді жүйелеп, арасалмағын көңілге тоқып, арнайы әдебиеттерді оқуға қажет білім қорына ие болады. Кітапты жазу барысында мен, ең алдымен, өнер әлемінің есігін енді ғана ашқан жеткіншектер мен жас-өспірім оқырмандарды ойладым. Менің ойымша, жасөспірімдерге арналған кітаптар ересектерге арналған кітаптар секілді, алайда олардың ерекше сыншылдығы, жалғандыққа және жасанды жаргондарға төзбейтіні ескеріліп жазылуы тиіс. Мұндай олқылықтардың кейде адамдардың өнер жөніндегі әдебиеттерді өмір бақи жек көріп кетуіне себеп болатынын өз тәжірибемнен білемін. Сондықтан да осындай «қақпанға» түсіп қалмас үшін кітапты қарапайым, жалпыға түсінікті тілмен жазуға, кәсіби емес сөйлемдерді қысылмай, еркін қолдануға тырыстым. Екінші жағынан, ойымның жадағай болмауын да ескердім. Күрделі де қасаң өнертану терминдерінің мүлдем аз берілгеніне оқырмандарым мені айыптамайтын шығар деп ойлаймын. Ағартушылық мақсатын ұмытып, астам сөйлеп, оқырмандар алдында ғылыми тілмен көрініп қалғысы келген жанды менмендікке ұрынған десек, қателеспейтін шығармыз.
Арнайы терминологияны шектеп қана қоймай, автордың жұмысын күрделендірсе де, оқырманға жеңілдік берер кейбір талаптарға мойынсұндым. Біріншіден, иллюстрациясын көрсете алатын туындылар туралы ғана жаздым. Туындылармен таныс еместерге есімдер тізбесімен шектелер мәтін ұсынғым келмеді. Мұндай мәтіндер оқырманға ештеңе бермейді, ал шығарманы білетіндер үшін артық ақпарат болар еді. Сондықтан кітапқа енетін суретшілер мен олардың туындыларын таңдауда иллюстрациялардың саны ыңғайлы болу үшін материал іріктеу талабы қатаңдана түсті. Осы тәртіп негізінде екінші ереже қалыптасты: уақыт пен сән талғамына қарай жазылған шығармаларды енгізбей, тек көркемдік құндылығы даусыз туындылармен шектелуді жөн көрдім. Осылайша әдемі әдеби стильдің артықшылықтарынан да бас тартуға тура келді. Сыни ескертпелердің қолпаштау мен мадаққа қарағанда қашанда тиімді болатыны даусыз, сондықтан кітаптағы аз ғана жүйесіздік бірқалыпты баяндаудың ретін бұзбайды деп білемін. Олай болса, оқырман өнерге арналған кітапқа ешқандай қатысы жоқ дүмбілез дүниелердің нағыз жауһарларды сырып тастап енуіне қандай негіз бар деп сұрауға әбден хақылы. Алайда мұнда берілген туындылардың барлығы бірдей жоғары көркемдік сапаға сай келмесе де, әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен құнды.
Үшінші ереже де кейбір нәрселерден бас тартуды талап етті. Мен жалпы мойындалған өнер жауһарларының енуінен басқа жағдайларда, өзім ардақ тұтар туындыларға, яғни өзімнің жеке таңдауыма басымдық беру ниетінен бас тарттым. Себебі бұл кітап әсемдік антологиясы ретінде емес, беймәлім қиырға жол тартқандарға жетекші болу үшін жазылған, сондай-ақ оқырманға белгісіз бағытта қылаң беретін белгі секілді «жауыр болған» мысалдарымен қызмет етеді. Ең әйгілі шығармалардың өзі көп ретте ұлы саналатындықтан, кітап оқырманға соларды қайта қарауға көмектессе, бұның өзі аса танымал емес туындылармен танысқаннан әлдеқайда пайдалы болар еді.