Басып шығару

Мектептегі кәсіби бағдар жұмысы

         Ақпан айында «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Ж.Мулдахметова қаламыздағы № 7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейге барып университет мамандықтары туралы насихат жасап әңгіме өткізді, бітіруші оқушылар туралы мәліметтер алынды. Ал аталған кафедраның аға оқытушысы А.Қабыл № 110 З.Хусанов атындағы жалпы орта мектебі,  № 111 М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі және № 113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектептеріне барып ата-аналар жиналысына қатысты. ОҚМУ факультеттері мен мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар жұмысы жүргізіліп, буклеттер мен көрнекілік материалдар таратылды. Сонымен бірге қойылған сұрақтарға кең түрде жауап берілді.

        


powered by social2s