Басып шығару

Кәсіби бағдарлама

2016  жылдың  11  наурыз  күні  М. Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің  жоспары  бойынша,  №65  гимназиясы  мен  №49  орта  мектебіне  және басқа  да  қалалық, аудандық білім  беру  орталықтарында  кәсіби  бағдарлама   бойынша  іс-шара  өткізіп, аталмыш  мекемелердің  ұстаздары  мен  оқытушыларына  қажетті  мәліметтерді  ұсынды.  Сонымен  қатар,  ашық  есік күндері  де  өткізіліп, университет  қабырғасындағы  мамандықтар  жайлы  буклеттер  мен  көрнекі  материалдар  ұсынылды.   Педагогика  және  мәдениет  факультетінің  өнерпаздары  көрермен ықыласына  бөленіп,  өз  өнерлерін  паш  етті. Өнерге  құштар  болашақ  жас  түлектер  өздерінің  қызығушылығын  білдіріп, «Өнер»  кафедрасының  ұстаздары мен  студенттеріне қызықтырған  сұрақтарын  қойып, маңызды  мәліметтерді  алды.

   


powered by social2s