Басып шығару

Өнерлі жас дарын Маржан байқау жүлдегері атанды

        Сәуір  айының  басты  жаңалықтарының  бірі – Ақтөбе  қаласында,  Н. Талапова  атындағы  «Бидің  нұры – Нұрсұлу»  ІІІ Республикалық  би  байқауының  өтуі  болды. Аталмыш  байқауға,  «Өнер» кафедрасының  жетекшісі,  п.ғ.к., доцент  Б. С. Тлеубаева  мен оқытушы  А. А.Турдиеваның  жетекшілігімен, «Хореография»  мамандығының  2 курс  студенті  Сәрсенбек Маржан қатысып,    жүлделі  ІІ  орынды иеленді. «Талантты  жұрт  танып  алады»  деп  ұлы  М. Әуезов  айтқандай, асыл  кездік  қын  түбінде  жатпайды. Біздің  Маржан  қыз  да,  топ  ішінен  ерекшеленіп,  көрермен  ықыласына  бөленді. Нағыз  «өміршең  дода»  деген  осындай  сайыстың  жас  ұрпақ  үшін  мәні  зор.

 


powered by social2s