Басып шығару

Әдістемелік семинар-тренинг

      Сәуір айының 13-14-і күндері Астана қаласындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу технологиясы» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке қатысқан «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев және аталған кафедраның доценті, т.ғ.к. С.Джунусбаевтар «Оңтүстік Қазақстан облысы  жастары арасындағы этникалық бірегейліктің дамуын зерттеу» (жетекші: т.ғ.к., доцент С.Карибаев)  және  «Оңтүстік  Қазақстан  облысының  ауылдық көпэтносты аудандарындағы  өзара  ықпалдасу факторларын зерттеу және  тұрғындардың ішкі  бірлігін  нығайтудың  моделін жасау»  (жетекші: т.ғ.к., доцент С. Джунусбаев) атты ғылыми жобалардың жүргізілу барысы туралы презентациялық көрсетілімдерін ұсынып баяндады. Соңында семинар-тренингтің бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаттарға ие болды.

 


powered by social2s