Басып шығару

VII Республикалық пәндік олимпиадасы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011600 - «География» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.

     5В011600–«География» мамандығы бойынша республикалық олимпиада үш турдан тұрады. Бірінші тур үй тапсырмасы, тақырыбы:«Астана және Алматы қалаларының қалыптасуы мен дамуының географиялық факторлары».Екінші турда тест тапсырмалары ұсынылады.Олимпиаданың үшінші турында практикалық бағыттағы тапсырмалар беріледі. Олимпиаданың екінші, үшінші турының өту ұзақтығы – 3 сағат.

     Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 7 Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011600 - «География» мамандығы бойынша жеке сынақта 3 орын алғаны үшін Снигирева Анастасия марапатталды.


powered by social2s