Кафедра меңгерушісі
Жолдасбекова Сауле АбдразаховнаПедагогика ғылымдарының докторы, профессор
Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚУ № 7 оқу ғимараты, 207 бөлме
Байланыс телефоны: 30-09-28,
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау саласында қызмет атқарған ғалым педагогтар басқарды. Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова бар.
1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра инженер-педагогикалық факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды.
1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО-да екі ірі университеттер: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. Осылайша «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді. 2019 жылы кафедра аты «Кәсіптік оқыту» кафедрасы болып аталып болашақ «технология» мен «кәсіптік оқыту» педагогтарын даярлады. Кафедра базасында Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс жасап келеді.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандарын даярлау тарихы
1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.
Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М. т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызмет атқарды.
Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л., Айдосов Ә., т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.
Кафедра 1996 жылдың май айында «Дене тәрбие және спорт» институты құрамына Мәдениет Институты мен Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент бөліміндегі педагогикалық мамандықтар август айында қосылып, қайта құру нәтижесінде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институтты» құрылды.
1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында 050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлады.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Музыкалық білім » кафедрасы бірігіп, «Музыкалық білім және көркем еңбек» кафедрасы болып аталды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Музыкалық білім және көркем еңбек» кафедрасы мен «Кәсіптік білім » кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы болып аталды.
Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.
Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады.
Бүгінгі таңда кафедра 5В012000 - Кәсіптік оқыту, 6В01450-Кәсіпік оқыту, 6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат), 6В01431 «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау», 6В01430- Бейнелеу өнері және сызу, 6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура), 7М01430 - Бейнелеу өнері және сызу (магистратура), және 6D012000 - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғарғы білікті педагог кадрларын дайындауда.
Оқытушылар құрамы
Кафедрада жұмыс істейтін 16 оқытушының 2-педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 1- PhD- доктор (Мусакулов Қ.Т), 5-педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.С.Бүркітбаев.,Т.Ш.Маханов, Г.А. Бакирова, Л.С.Ахмет), 4 оқытушы-магистр (С.Ш. Байзахова, Х.Ш. Қайрақбаева, М.Ю.Камалов, А.А.Қозыбекова) және 4-аға оқытушы (Кунжигитова Г.Б., Ибраимова П.Т., Кубенов М.А., Изтилеуова А.Ш.) педагогикалық қызмет атқаруда.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996, 2001, 2002, 2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары. Жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар авторлары.

Материалдық-техникалық базасы
Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын автокөліктерді пайдалану және жөндеу бойынша 12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .
Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мен «Индустральды техникалық колледждерімен» жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, дуальды оқыту негізінде болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесі қолға алынған.
Оқытушылар құрамы
Кафедрада жұмыс істейтін 16 оқытушының 2-педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 1- PhD- доктор (Мусакулов Қ.Т), 5-педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.С.Бүркітбаев.,Т.Ш.Маханов, Г.А. Бакирова, Л.С.Ахмет), 4 оқытушы-магистр (С.Ш. Байзахова, Х.Ш. Қайрақбаева, М.Ю.Камалов, А.А.Қозыбекова) және 4-аға оқытушы (Кунжигитова Г.Б., Ибраимова П.Т., Кубенов М.А., Изтилеуова А.Ш.) педагогикалық қызмет атқаруда.
Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996, 2001, 2002, 2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары. Жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар авторлары.



«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының жетістіктері
2022-2023 оқу жылының кафедра жетістіктері
ҚР Авторлық құқықпен қорғалатын обьектерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу КУӘЛІГІ 2023 жыл, 14- наурыз №33525, автор Жолдасбекова С.А
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру нәтижелері туралы п.ғ.д., профессор Ералин Қуандық Ералыұлының
ПІКІРІ
Кешкі мектеп жоспарына сай оқылған баяндамаларды тыңдау нәтижесі бізге мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1.Әуезов университетіндегі ұйымдастырылған «қысқы мектеп» Қазақстан көркемдік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды іс шараның бірі болды.
- Кешкі мектептегі оқылған баяндамаларында бейнелеу өнері, көркем еңбек,кәсіптік білім берудің тарихы, теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері қарастырылып, талданып олардың шешу жолдары көрсетілді, жаңа жұмыс бағыттарының перспективалары айқындалды. Көркемдік білім берудегі заманауи nехнологиялар мәніне ерекше назар аударылды.
- Болашақ көркем еңбек мамандарын даярлаудағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша бағалы ұсыныстар жасалды.
4.Онлайн форматында өткен бұл «қысқы мектеп» жаңашылдық сипаты мол педагогка ғылымындағы инновациялық іс-шараның бір түрі ретінде өзінің өміршең болатындығын көрсетті. Алдағы уақытта бұл істі жалғастыру -Қазақстандағы көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау ісінің дамына ерекше үлес болып қосылады деп ойлаймын.
5.Бұл кешкі мектептің ерекшелігінің өзі тақырыбының кәсіби білімге, кәсіби мамандар даярлаудың заманауи мәселелерін шешуге, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, дамытуға бағытталуында болды.
6.Бұл іс- шараның прогрессивтік, жанашылдық, тәжірибелік сипатының болуына байланысты алдағы уақытта дәстүрге айналдыру бағытында жалғастыруды қажет етеді.Бұл іс Қазақстандағы көркемдік білім беру ісін жоғары сатыға көтеретін бірден бір қозғаушы күш болады деп сенемін.
7.Қазақстан, Ресеймен, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан т.б. шет елдер көлеміндегі қатысушылардың баяндамалары баяндамашылар қатысқанауқымды халықаралық педагогикалық іс-шара болып табылатын кешкі мектепті ұйымдастырған М.Әуезов университетінің ректоры Қожамжарова Дария ханымға, Мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор М.Тәңірбергеновке, кешкі мектептің бас медераторы п.ғ.д., профессор С. Жолдасбековаға және барлық ұйымдастырушыларға, қысқы мектепке қатысушылар атынан және өз атымнан шынайы ризашылық пен алғысымызды білдіреміз.
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, п.ғ.д.,ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі
Ералин Қуандық Ералыұлы
Кунжигитова Г.Б «Көктемгі АРТ кеңестігі» атты фотосуреттер,суреттер ,ашық хаттар, қолөнер, костюмдер,оригами, презентациялар т.б халықаралық шығармашылық онлайн байқауына қатысқаны үшін марапатталады.
Кунжигитова Г.Б за развитие у участников познавательных учебных навыков, за подготовку победителей международной предметной Онлайн олимпияда для школьников, студентов «ЗНАТОКИ 2022»
Аға оқытушы Ибраимова П.Т. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Басқарма төрағасы ректор Қожамжарова Д.П., Құрмет граматасы «25-қазан Республика күні» қарсаңында, еліміздің Рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2021-2022 оқу жылының кафедра жетістіктері