Туреханов Канат Ендибаевич
Аға оқытушы
ҚР мәдениет саласының үздігі
«Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасының
меңгерушісі м.а
«Мәдени тынығу және сахналық қызмет» кафедрасы
Кафедрада 6В11121-Продюссер және театр қойылымдарының технологиясы, 6В11124 –Мәдени тынығу қызметі және эстрадалық ән салу мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды.
Кафедрада «Парасат» атты студенттердің ғылыми зерттеу үйірмесі, дыбыс жазу, өңдеу студиясы, вокалды инструменталды ансамбль, «Мадумазель» ТКК (КВН) командасы, вокалды ансамбль «К7», «Думан» студенттік жастар халық театры жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары мен студенттері республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі мәдени шығармашылық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып отырады.
Сахналық қойылымдар
Кафедра құрамында білікті ғалым-ұстаздар– педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Багов И.Т., Мухамедин М.М., Исатаева З.Ж., Турдалиева Ш.Ж., халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жандарбеков А.А., Емкулова А.И., Жұмабай Л.Ж., Туреханов Қ.Е., Бексейтов Н.Б. қызмет етеді.
Кафедра студенттері республикалық, облыстық байқауларда (КТК, жастар театры, ғылыми жобалар) жүлделі орындарды иеленіп келеді.