Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл толуына орай Ордабасы, Отырар, Түркістан, Созақ, Бәйдібек аудандарының тарихи орындарына тарихи экскурсия
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі және М.Әуезов атындагы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл толуына орай тарихи-танымдық экскурсия жасалды. Аталған экскурсияға «Педагогика және мәдениет» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасынан т.ғ.к.,доценттер Жанысбекова Г.А.,Тулкиева Б.А.,магистр аға окытушылар Мирзамсеитова Г.Е., Нарымбет Г.Б бастаған 50 – шақты магистранттар мен студентер қатысты. Экскурсия 19-20 қырқуйек аралығында болды. Негізгі бағыттары: Ордабасы тауы (Ордабасы ауданы), Отырар төбе,Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданыҚожа Ахмет Иассауи кесенесі, Түркістан мұражайы (Түркістан қаласы), Қарабура әулие, Бәйдібек би және Домалақ ана кесенелері (Бәйдібек би ауданы).