ӨНЕР
Кафедра меңгерушісі:
Үсіпахметов Назарбек Нышанбекұлы
ҚР Мәдениет саласының үздігі,
Мәдениет майталманы, Режиссер.
►практика
►академиялық ұтқырлық
►2022-2023 жылдық есеп
►2021-2022 жылдық есеп
►2020-2022 жылдық есеп
Өнер бакалавры
Дайындық бағыты: В028 – Хореография В027 – Театр өнері
6В02130– Хореография 6В02120-Режиссура
5B040900 – Хореография 5В040600-Режиссура
Магистратура (өнертану ғылымдарының магистірі)
Дайындық бағыты: 7031-Хореография
7М02103- Хореография
1985 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстарының теориясы мен тарихы» кафедрасына Қазақстан бойынша алғаш рет «Хореография» мамандығына талапкерлер қабылданды.
1989 жылдың қараша айында мамандық өз алдына кафедра болып институт бөлімінің біріне айналды. Алғашқы меңгерушісі қызметіне кафедраның негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері және білім үздігі Сералы Шабаевич Тлеубаев тағайындалды.
2000-2003 жылдары кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы Ажибекова З. Б. меңгерді.
2003 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі қызметін «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2010», «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы атқаруда.
Кафедра 6В02120- «Режиссура» біліктілігі: «Театр және кино режиссер-актері».
6В02130 - «Хореография» өнер бакалавры.
Сондай-ақ 2017 жылдан бастап 7М02103-"Хореография" білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға 1, 1,5 және 2 жылдық оқуға бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша қабылдау жүргізіледі. Оқуды бітіргеннен кейін өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.
2015 жылы "Хореография" кафедрасы өзінің 30 жылдығын атап өтті. Мерейтой құрметіне кафедра "Қазіргі заманның өзекті мәселелері: мәдениет, тарих, идеология" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен "Әлем халықтарының билері" халықаралық фестивалін өткізді. Оған біздің республикамыздың барлық өңірлері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан Республикаларынан 20-дан астам би ансамблдері қатысты. Осы фестиваль аясында отандық және шетелдік хореографияның жетекші мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді. Фестиваль соңы "Хореография" кафедрасының 30 жылдығына арналған гала-концертке ұласты. Гала-концертке кафедраның "Қаракөз" студенттік би ансамблі, "Әлем халықтарының билері" фестивалінің лауреаттары, сондай-ақ әр жылдың түлектері қатысты.
Көп жылдық шығармашылық жұмысымен кафедра білікті мамандарды дайарлауда, олар бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар біздің елден тыс жерлерде де жұмыс істейді. Біздің кафедраның түлектері би өнерін дәріптеуде және республиканың барлық облыстарында, жақын және алыс шетелдерде хореографиялық ансамбльдердің жетекшілері мен балетмейстерлері, педагог-хореографтар, мемлекеттік би ансамбльдерінің әртістері, би өнерінің менеджерлері мен продюсерлері ретінде еңбек етуде.
Облыстық опера және балет театрының ашылуы сияқты ОҚО мәдени өмірі үшін маңызды оқиғадағы біздің кафедраның рөлі ерекше. Онда кафедра П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегин" және Д. Вердидің "Травиата" операларына қатысып, театрдың қалыптасуына өз үлесін қосты.
Кафедра студенттері жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Білім алушылар СҒЗЖ-ға белсенді қатысады. СҒЗЖ-дағы жетістіктері үшін бірқатар студенттер республикалық конкурстарда дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
«Өнер» кафедрасы 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы" номинациясын жеңіп алды.
«Өнер» кафедрасының білім беру бағдарламалары «Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары-2018» рейтингінде І орын алды. "5В040900 - Хореография" және "5В040600 - Режиссура".
"Өнер" кафедрасының студенттері "Академиялық ұтқырлық" бағдарламасы бойынша Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер институтында, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыды.
2019 жылдың сәуір айында кафедра "Қаракөз" би ансамблінің 30 жылдығына, "Халықаралық би күні" және "Жастар жылына" орай II Халықаралық "Әлем халықтарының билері" би байқауын өткізді. Байқауға Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, Көкшетау, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Алматы қалаларынан 65-тен астам би ансамблдері (6 жастан 25 жасқа дейін) қатысты.