"Мәдени және әлеуметтік" жұмыс

Жалпы мәлімет

   Кафедра жоғары білікті мәдени-шығармашылық қызметі мамандарын кәсіби даярлау үшін 1967 жылы құрылды.    

Кафедраның гуманитарлық ұстанымы- отандық мәдениет дәстүрлерін және рухани құндылықтарын сақтау.

Ұраны: «Зерттей үйрен.Үйрене зертте».

6В11120, 5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавриаты бағдарламасы бойынша мәдениет және өнер білім беру ошақтары, бұқаралық ақпарат құралдары саласына  мамандар даярланады. Олардың кәсіби міндеті тұрғындар демалысын ұйымдастыру, мәдени-тынығу жұмысының ақпараттық-мәдени,  эстетикалық,  идеологиялық  бағыттағы  жоғары көркемдік формаларын   құру  болып  табылады.

Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіби қызметінің нысандары:

- мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, мәдени-тынығу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің басқару жүйелері;

- мәдени-тынығу, рекреациялық нысандар мен тынығуы индустриясының менеджмент және маркетинг үдерістері;

- мәдени мекемелер мен ұйымдардың шығармашылық және өндірістік қызметінің үдерістері;

- мәдени мекемелердің көркемдік басқару үдерістері;

- көркем түрлеріндегі мәнерлілік құралдарды қолдана отырып, мәдени-тынығу бағдарламалары мен әлеуметтік-мәдени жобаларды құру және продюсирлеу үрдістері;

- әлеуметтік-мәдени шығармашылық және мәдени-ағартушылық қызмет технологиялары;

- әлеуметтік-мәдени анимация және рекреация технологиясы; мәдени және өнер құралдарын пайдалану арқылы әлеуметтік оңалту технологиялары;

- балалар-жасөспірімдердің бос уақытын, балалар, жасөспірімдер және жастармен жаппай мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық қолдау үдерістері;

- ересек тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу үдерістері;

- жалпы білім беру, орта кәсіптік білім, балалар мен ересектерге қосымша білім беру және қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісі.

Білім беру бағдарламасының түлегі «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» дәрежесіне ие болады, ол келесі қызметтерді атқара алады:

Мәдениет және өнер саласындағы салалық біліктілік шеңбері (25 тамыз 2016 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:

- клуб меңгерушісі;

- бөлім меңгерушісі.

«Білім беру» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (27 қараша 2019 ж., №3 хаттамасы) сәйкес:

- қосымша білім беру оқытушысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан бастапқы қызметтер атқара алады.

1998 жылдан бастап «Мәдени-тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары авторлық ұжым ретінде Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік жоспарлар мен «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға үлгі бағдарламалар дайындайды, бұл құжаттарды осы сала бойынша мамандар даярлайтын Қазақстан республикасы бойынша барлық ЖОО –дары пайдаланады.

Оқытылатын пәндер қатарында: мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы, көркемөнер шығармашылығы, имиджелогия, ойын–сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сахна қозғалысы негіздері, мәдени-тынығу  шараларын  безендіру, сөйлеу техникасы,  актер шеберлігінің техникасы, көпшілік мерекелер және қойылымдар драматургиясы және т.б.

Білім  беру  бағдарламалары  жыл  сайын  жұмыс  берушілердің   ұсынысымен  жаңартылып  отырады,  яғни уақыт   талабына сай  жаңа  пәндер  енгізіледі.  Мәселен, 2019-2020  оқу  жылынан бастап «Заманауи  медиа  мәдениет», «Материалдық емес  мәдениет тарихы-1», «Материалдық емес  мәдениет  тарихы-2», «Дара және әлеуметтік жетістік мәдениеті І», «Дара және әлеуметтік жетістік мәдениеті ІІ».

2003 жылдан бастап 7М11120 – «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистратура ашылған. 

Кафедрада «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  Республикалық оқу–әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Көркем– шығармашылық, ұлттық дәстүрлер, халық шығармашылығы бойынша әдістемелік кеңес тек қала ғана емес, Түркістан облысы мен Республикаға әдістемелік, ұйымдастыру және практикалық көмек көрсетеді.

Image
Image
Image

Оқу-ғылыми–педагогикалық кешендер базасы болып табылатындар: Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театры,  Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы. Кейбір  мамандық  пәндері ОҒӨК базаларында өткізіледі.

    Мәдени –тынығу  жұмысы  білім беру бағдарламасының,  мәдениет  және өнер, мәдени-тынығу  мекемелерінде  кәсіби  іс-тәжірибеден  өтеді.  Іс-тәжірибе   базалары  қатары    ауқымды: Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы, Шымкент қаласы, Балалар мен жасөспірімдер  орталығы,  «Шымкент-цирк» МКҚК, Ж.Шанин атындағы қалалық  Академиялық қазақ драма театры, Облыстық орыс драма театры,  Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №4 колледж, Шымкент қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, Шымкент қаласы, №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөмпірімдер мектебі, Шымкент қаласы «Отырар» облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы және  т.б. 
Image
Image
Image

2015 жылдың қыркүйек айында «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасына «Әлеуметтік жұмыс» және «Мәдениеттану» мамандықтары қосылды. Кафедра атауы «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» деп өзгертілді.  

 6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының ерекшелігі мамандық түлектері индивид, әлеуметтік топ және толықтай қоғам  деңгейінде әлеуметтік мәселелерді тиімді шеше алуымен, сондай-ақ   инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруымен,  халықпен жұмыс істеу саласында  әлеуметтік саясат, құқықтық кеңес беру және әлеуметтік саланы басқаруда қоғам талабына сай жоғары білікті мамандарды  даярлауға  әлеуметтік әріптестікті нығайтуда белсенділікті арттырумен анықталады. 

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке  6В11410- «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы (5В090500) бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтік қызметкер (әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы органдарының саласындағы әлеуметтік қызметкер; әлеуметтік қорғау мекемелерінде, әлеуметтік және құқықтық патронаж мекемелері, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі; медико-әлеуметтік сараптама, денсаулық сақтау және психологиялық көмек көрсету мекемелері, әлеуметтік және еңбек сауықтыру орталықтары, балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталықтары, балалар үйлері, қамқорлық және қорғаншылық мекемелері, мектеп-интернаттар, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі, көші-қон қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, пенитенциарлық жүйе, құқық қорғау органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес халыққа  қызмет көрсету  мекемелері (халықтың түрлі топтарымен жұмыс), кәсіпорындардың, фирмалардың және меншік нысандарының әртүрлі ұйымдарының әлеуметтік және әкімшілік-кадрлық қызметтері (аналитикалық ақпаратты әлеуметтік сертификаттау бойынша жақындату және іс-шаралар, әлеуметтік ортаны дамыту және оңтайландыру, адам ресурстарын тиімді пайдалану); мәдени мекемелер; оқу орындары; әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсететін мекемелері)  қызметтерін атқара алады.

Кәсіби қызмет саласы тұрғындарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, медициналық және әлеуметтік сараптама; пенитенциарлық жүйе және жұмыспен қамту, көші-қон, төтенше жағдайларға жәрдемдесуді реттейтін ұйымдар жүйесі; әртүрлі қызмет түрлері мен меншік нысандары, коммерциялық емес ұйымдар  саласы болып табылады.

2016 жылы 6D11120- «Мәдени- тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды, лицензия берді.

 2017-2018 оқу жылында  «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ- нің 2017 жылдың 28 тамыз айында өткен Ғылыми Кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Мәдени және әлеуметтік жұмыс», «Театр және эстрадалық шығармашылық» болып  екіге бөлінді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы негізінен Алматы, Ташкент, Одесса консерваториялары мен Шымкент педагогикалық мәдениет институттарын бітіруші мамандарынан құралған.  Олар:  Л.И.Шулунова, И.Б.Сихымбаев, Е.О.Балабеков, Ю.А.Сапарова, С.Ш.Тлеубаев  және  т.б.

Халық аспаптар оркестрі, «Қазына» фольклорлық ансамблі (Халықаралық, Республикалық фольклорлық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегері), домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі, үрлемелі аспаптар ансамблі жұмыс істеді.

Кафедраның оқытушылар құрамы
Оқу-әдістемелік жұмыс
Академиялық ұтқырлық
Магистратура
Докторантура
Біздің жетістіктеріміз
Халықаралық байланыстар
Кәсіби бағдар
Біздің түлектер

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.