2 желтоқсан күні «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Ж.Мулдахметованың жетекшілігімен «Ауылшаруашылық ғылымдары» Жоғары мектебі АП-15-1р, 2р, 3р, 7р, 8р топтарының студенттері арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын талқылау жиыны болды. Талқылау барысында дағдарысқа қарсы қарастырылған бес бағыт талданды. Студенттер өз ойлары мен пікірлерін айта отырып Жолдауға қолдау білдіретіндерін атап өтті.
powered by social2s