Сәуір айының 13-14-і күндері Астана қаласындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу технологиясы» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке қатысқан «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев және аталған кафедраның доценті, т.ғ.к. С.Джунусбаевтар «Оңтүстік Қазақстан облысы жастары арасындағы этникалық бірегейліктің дамуын зерттеу» (жетекші: т.ғ.к., доцент С.Карибаев) және «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық көпэтносты аудандарындағы өзара ықпалдасу факторларын зерттеу және тұрғындардың ішкі бірлігін нығайтудың моделін жасау» (жетекші: т.ғ.к., доцент С. Джунусбаев) атты ғылыми жобалардың жүргізілу барысы туралы презентациялық көрсетілімдерін ұсынып баяндады. Соңында семинар-тренингтің бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаттарға ие болды.