2016 жылдың қыркүйек айының 22-і күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Педагогика және мәдениет факультетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының студенттеріне ОҚО мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» «Оңтүстік өлкесіндегі тарихи жәдігерлер» атты тақырып аясында лекция сабағын өткізді. Оған география, тарих, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының студенттері қатысты. Мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерімізді жас ұрпаққа насихаттау.
powered by social2s