2015-2016 оқу жылының қазан айының 14-ші жұлдызында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ПИК 14-2к тобының студенті Тоқтасын М. ұйымдастыруымен, «Бейнелеу өнері және дизайн» және «Музықалық білім» кафедрасының студенттері мен «Бейнелеу өнері және дизайн» оқытушылары, «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысуымен, М.Ауезов атындағы ОҚМУ басқармасының, «Педагогика және мәдениет» деканатының, студенттік кәсіподақ комитетінің және Сарыағаш ауданының Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамының төрағасы демеушілігімен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Мәдениет үйінде Республикалық Мүгедектер күніне арналған «Құстай болып, құштар болдым өмірге...» атты қайырымдылық іс-шара өтті.
Қайырымдылық іс-шараның қонақтары болып «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Жастар көмітетінің, Сарыағаш қалалық орталық мешітінің имамы, «Сәт» Сарыағаш аудандық телеарнаның өкілдері және көпсалалы, педагогикалық, медициналық колледж студенттері келді.