15 ақпан күні № 1 жатақханада Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұстаздарының қатысуымен студент жастармен кездесу әңгімесі болды. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев Жолдаудың маңызы мен басым бағыттары туралы баяндады. Жиын барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп кең түрде түсіндірмелер жүргізілді.
powered by social2s