23-мамыр күні Шымкент қаласында облыстық көрме галереясында «Жібек жолы айшықтары» атты жас дизайнерлер байқауы өтті. Ұлттық сал-дәстүрімізді дәріптеу киім үлгілерін жаңа ағымда көрсету бағытында Республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқау аясында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, ҚРдизайнерлер одағының мүшесі Г.И.Дайрабаеваның жетекшілігімен ПИК-12-13к1 тобының студенттері екі номинация бойынша жүлделі орынға ие болды. «Ең үздік күнделікті киім» номинациясы бойынша 1-орынды иеленген өнерлі студенттер Қалманбай М., Муратова Ж. «Дала сазы» киім топтамасы. «Ең үздік қалыңдық киімі» номинациясында «Ай-ару» топтамсы Алимханова А. 3-орынды иеленді. Аталған кафедра студенттері жуырда өткен Халықаралық Жас дизайнерлер байқауларының дипломанттары.