Көрмеге «Бейнеле өнері және дизайн» кафедрасының студенттері ПИК15-10к тобының студенті Серікжан Жалын, ПИК 15-11к тобының студенті Пернехан Ержігіттің қойылған шығармашылық жұмыстары үздік деп танылып Астана қаласында 3-7 қараша 2017 жылы өтетін Халықаралық «Шабыт» фестиваліне жолдама алды. ПИК 16-2к тобының студенті Құрбанова Құралай, ПИК-16-10к тобының студенттері Ален Айшабибі және Байтас Майра мен Мырзатай Жадыраға шығармашылық көрмеге белсене қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Кафедра тарапынан жұмылдырылған топтар шығармашылық көрмені тамашалап өзара ой бөлісті.