Х-шы Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 5В041900 – «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша қорытындылары туралы АҚПАРАТ
- Факультет жаңалықтары
- Қаралды: 88
2018 жылдың 29-30 наурыз күндері М. Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университеті, Педагогика және мәдениет факультетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасымұражай ісі жоғары оқу орындарының студенттері арасында Х-шы Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: "Визуалды тану" яғни "Тарихи-мәдени ескерткіштерді сипаттау»,мұражай ісіне арналған эссе және 18 мамыр -Халықаралық мұражайлар күніне арналған ғылыми жобаларды қорғау.
Олимпиадаға «Оңтүстік» пен «Томирис» (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті),«Мұрагер»(Әл-ФарабиатындағыҚазақ Ұлттық университеті), «Сарайшық» (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті),«Алмаз» (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) командаларықатысып,мұражайтанулықжан-жақты терең теориялық білімімен, мамандыққа сәйкес дағдыларымен және қызығушылық белсенділіктерімен көзге түсті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Мұрагер» командасы– 1орын,«Оңтүстік» және «Сарайшық» – 2орын, «Томирис» пен «Алмаз» командалары 3 – орынды иеленді.
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ПОҚ студенттерді Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуларымен құттықтап, ЖОО басшылықтарын студенттерді аталған іс-шараға қатысуларына мүмкіндік жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
powered by social2s