«Өнер» кафедрасы 2018 жылғы Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингінде «5В040900 - Хореография» және «5В040600 - Режиссура» бағдарламалары бойынша І орынға ие болды. «5В040900 - Хореография» мамандығы хореография педагогы біліктілігіне ие болатын бакалавр мамандарды дайындайды. Кафедра ұжымының басты міндеті мен бағыты оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалығын арттыру. Хореография мамандығын бітірген түлектер арнайы мектептерде, колледждерде педагог-хореограф ретінде, хореографиялық ұжымның жетекшісі, балетмейстер ретінде, би театрларында, Мемлекеттік би ансамбльдерінде әртіс ретінде қызмет атқарады. Біздің түлектер Қазақстанның әр облысында, жақын және алыс шет елдерінде мамандығы бойынша қызмет атқаруда.
«5В040600-Режиссура» мамандығы драма театрының режиссерларын 5 жыл оқытады. Кафедраның оқытушы-режиссерлары облыстық, қалалық, университеттік көлемдегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді. Сонымен қатар театрландырылған көпшілік қойылымдар мен шоу-бағдарламаларда практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.
powered by social2s