22.02.2019ж күні «Өнер» кафедрасы «5В040600-Режиссура» мамандығының студенті Есіркеп Қарлығаш француз драматургі Робер Томаның «Сегіз әйел, ол жалғыз» детектив-мюзиклін дипломдық жұмысы ретінде сахнаға қойды. Көрермендер арасынан «Шымкент цирк» мекемесінің бас режиссері А.Алихан; Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, ҚР мәдениет қайраткері Е.Шымырқұлов; Қазақстан театрлар Одағының мүшесі, театр сыншысы Б.Тоғаев; драматург, ақын,С.Құрманбаев; сахна тілі саңлағы, тіл шебері, педагог-режиссер Д.Тамбетова; кино және театр актері Б.Ботаевтар жылы пікірлерін білдірді. Айта кетерлігі аталмыш француз шығармасы қазақ тіліне тұңғыш аударылған.