«Тәуелсіздігім – тірегім»

«Тәуелсіздігім – тірегім» эссе жазу сайысы 

29.11.2021 ж сағат 17:00 – 18:00 аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ нің №1 жатақханасында 1-4 курс білім алушылары арасында офлайн форматында «Тәуелсіздігім – тірегім»  эссе жазу байқауы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекелерінің құрметіне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қатысуға 15 адам өтініш білдіріп 15 білім алушы бақтарын сынады. Сайыс ережесіне сәйкес эссе жазуға барлығына бірдей 40 минут уақыт берілді.

«Мәдениет және спорт» факультеті білім алушылары үшін «Тәуелсіздігім – тірегім» тақырыбында эссе жазу оңайға соқпады. Бір сәт болса да отырып, тақырып төңірегінде ойлану өнеріне зейін бөлу қиынның қиыны екенін қатысушылардың бет-әлпеті, жазу процесіндегі саусақ қимылдары хабар беріп жатты.

Интеллектуалдық жарыс шартына сәйкес берілген шектік 40 мин уақыт атқан оқтай, шапқан аттай өте шықты.

«Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедарасы оқытушыларынан құралған қазылар алқасы жұмыстарды мұқият оқып шығып, ережеде көрсетілген эссені бағалау критериіне сәйкес бағалап, төмендегідей шешім шығарды:

ІІІ орын «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы, МС-20-14 к тобының 2-курс білім алушысы Б.Ходжабаева, МС-21-15 к1 тобының 1-курс білім алушысы Г.Рахымға, МС-20-14 к тобының 2-курс білім алушысы К.Сайдуллаларға бұйырса, ІІ орынға МС-21-14 к тобының 1-курс білім алушысы А.Жунисбек пен Е.Жамаловтар жайғасты. МС-21-14 к2 тобының 1-курс білім алушысы Т.Жанәбілова І орын иеленді. Бас жүлдені «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы, МС-18-10 к тобының 4-курс студенті Ж.Сатанова жеңіп алды.

«Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің бас маманы Бегайдар Момынбек Узакбаевич аталған кафедра оқытушыларының бастамасымен өткен іс-шараның 100 % әділ өткізілгенінің куәсі болды.

   

 

 


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.