Жаңалықтар
ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері кезекті кездесуін «Buildstroi» мекемесінде өткізді. «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қоғамдық штаб мүшелері Есімхан Бертаев, Дәрия Қожамжарова, Бауыржан Қуанышбеков, Талғат Исхахов «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты.
«Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Қоғамдық санада кең етек алып кетуі мүмкін тоғышарлық, масылдық, енжарлық секілді әлеуметтік бағдарлар орнай бастағанда еңбек етуге деген ынта мен жігер азайып, жұмыс өнімділігі төмендей түседі. Әр салада еңбек адамы үшін көрсетілетін қызмет пен әлеуметтік көтермелеулерде жеңілдіктер қарастырудың идеологиялық мәні бар. «Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпараттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету тағы басқа құндылықтар басты назарда болғаны шарт», - деді өз сөзінде Ж. Бектаева.
«Buildstroi» өкілдері Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына зор қызығушылық танытып, елліміздегі қордаланған мәселелерді шешу жөніндегі көзқарастарына қолдау білдірді.
#Toqaev2022

powered by social2s