Жаңалықтар

Түркияның Стамбул қаласында орналасқан Гелишим университетінде 2 курс докторанттары Уалиханова Айнұр, Утепова Алмагүл Ғылыми тағылымдамадан өтті
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 46
22.04.2024-22.05.2024 ж. Түркияның Стамбул қаласында орналасқан Гелишим университетінде қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы профессор, PhD Камил Кайа жетекшілігімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультеті, «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының 2 курс докторанттары Уалиханова Айнұр, Утепова Алмагүл Ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама миссиясы міндеттеріне: Тағылымдама базасымен танысу, шет елдік дерекқолардан ақпаратты жинақтау мен пайдаланудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып, әдебиет көздерімен жұмыс істеудің заманауи әдістерін игеру кіреді. Осыған байланысты шетелдік ғылыми кеңесші PhD доктор Камил Каиамен зерттеу тақырыптары бойынша, бірлескен жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда ақпараттық-библиографиялық жұмыс көбінесе ақпаратты іздеуге, жаңа компьютерлік технологиялармен жұмыс істеуге, сондай-ақ алынған ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын игеруге байланысты қалыптастыруға негізделген. Ақпаратты іздеудің және жеткізудің заманауи құралдарына ие бола отырып, бұл қызмет саласында Гелишим университетінің кітапханалары жетекші екеніне көз жеткіздік.Кітапхана директоры Шенол Армаган мырза ғылыми басылымдар саласында болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, университеттің кітапханасында зерттеу тақырыбының аясында ғылыми - теориялық талдау жасалынатын философиялық, социологиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасап, университет жетекші ғалымдарының оқу құралдары мен зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланған монографиялармен, ғылыми мақалалар шыққан тың туындыларды сыйға тартты. Шетелдік ғылыми тағылымдаманы өтуде жоспар бойынша жұмысқа кіретін негізгі міндеттер толығымен орындалды және де шетелдік ғылыми тағылымдама бекітілген жоспарға сәйкес /одан да тыс іс-шаралар/ сәтті, жемісті өтті.




