Жаңалықтар

«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиядағы пәнаралық тәсіл бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» тақырыбында онлайн форматта қысқы мектеп өтті.
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 43
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 20 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиядағы пәнаралық тәсіл бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» тақырыбында
онлайн форматта қысқы мектеп өтті. «Қысқы мектеп-2025» ғылымды дамытуға, жастар тәрбиесіне, оқу процесін жетілдіруге және университет қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін бірегей білім беру жобасы деп толықтай айтуға болады. Қысқы мектептің мақсаты– білім беру саласындағы жаңа білімді ілгерілетуде әртүрлі ғылыми мектептер мен білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіру. Қысқы мектеп жұмысына Ресей, Өзбекстан, Турция, Қытай және Қазақстан Республикасының көптеген ЖОО-ң профессор-оқытушы құрамы қатысты. Іс-шараны– М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Сарықұлов Құрманғали Рахымбердіұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, іс-шараның ашылу барысында Займоглы Омер - PhD философия докторы, Ақдениз университеті (Түркия); Лю Вэнь Бинь - PhD философия докторы, Гуандун өнеркәсіптік-коммерциялық кәсіптік-техникалық университетінің (ҚХР) өнер институтының директоры. Ералин Қуандық Ералинұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Өнер және білім» факультеті (Қазақстан). Амиргазин Кайртай Жакупович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халық өнері жоғары мектебі ректорының кеңесшісі, Суретшілер одағының мүшесі (Ресей) қатысып өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қысқы мектепте: отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, профессорлары, жетекші практикалық оқытушылар қазақ, орыс, қырғыз, өзбек тілдерінде баяндама жасады. Биыл қысқы мектепке Қазақстан бойынша 1 колледж, 6 университеттен 100-ден астам адам қатысуға мүмкіндік алды. Қысқы мектепте 90 сағат бойы 75 спикер семинар өткізді. Курс нәтижесінде тыңдаушылар мен спикерлерге 90 академиялық сағат 3 кредитті қамтитын біліктілікті арттыру алғыс хаты берілді

powered by social2s