Жаңалықтар

“Мәдениет және өнер” факультеті «Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасының ұйымдастыруымен Бүгін, “14 наурыз – Көрісу күні”мерекесін факультет көлемінде атап өтті. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн. Мереке құтты болсын!













powered by social2s