Жаңалықтар

«ДУМАН» ХАЛЫҚТЫҚ-ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНДЫ
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 9
«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің «Мәдениет және өнер» факультетінің «Думан» халықтық-жастар театрының жаңа бағыттағы қойылымы көрерменге жол тартты. «Ақымақтың қойын дәптері» эксперименталды спектакльінің авторы әрі режиссеры – Ерлан Ақылбеков.
Сахнада жазушы мен кітап сатушының арасында «кітабыңыздағы кейіпкерлер қашып кетті. Енді оны қалай сатамыз» деп басталатын диалогтың бастамасы-ақ көрерменнің жүрегін селт еткізді. Оқырманы жоқ кітап, кітап оқымау және әлеуметтік желілердің жас буынның болашағына тигізіп жатқан қасіретінен бастап, жас әртістер отбасындағы кикілжіңдер, ана мен баланың тапталған құқығы, зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әйелдер қауымы, «несиенің» құлына айналған адамзаттың жанайғайын шынайы жеткізе білді. Бүгінгі қоғамның трагедиясы әр оқиға арқылы шебер беріліп, залдағы көрермен күйіну мен сүйінуді кейіпкерлер¬мен бірге кешкені тынысынан білінді.
Қойылым «Жаңа Қазақстанды қағазбен емес, ұлттық құндылықтарымызға негіздеген тәлім-тәрбиемен, құнды да қазыналы салт-дәстүрімізбен бастайық» деген түйінмен аяқталды.
Спектакль қонақтары университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов барша қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, жастар театрының қойылымына оңды пікірлерін білдіріп, жас әртістеріміздің шығармашылықтарына сәттілік тіледі.

powered by social2s