Жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
- Пайз Бердияр Құрбаналиұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 18
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
Бұл Республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің 6 жоғарғы оқу орнының, атап айтсақ: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау, Академик Е. Букетов атындағы Қарағанды, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық, Мухаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеттерінің командалары қатысуда.
Олимпиаданы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры У.С. Сулейменов ашып, олимаиаданың мақсаты мен міндеттеріне, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, командаларға сәттілік тіледі.
Пәндік олимпиаданың бағдарламасына сай осы күні олимпиаданың 1-кезеңі ұйымдастырылып, КЕЙС тапсырмалары беріліп, ситуациялық жағдайлар ұсынылып, командалар өз өнерлерін көрсетті. Командалардың мүшелері қырағы дайындықпен келгені, шығармашылық деңгейлерінің жоғары екенін байқатып үлгерді.
Пәндік олимпиадаға Мәдениет саласының үздіктері мен театр майталмандары төрелік етуде. Командалар арасында бәсеке ертең де жалғасын табады.















