Жаңалықтар
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының халықаралық әріптестіік бойынша үстіміздегі оқу жылында қол жеткізген жетістігі
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 203
«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының халықаралық әріптестік бағытындағы атқарған қызметі биылғы оқу жылында айта қаларлықтай оң нәтиже берді. Кафедра бойынша халықаралық әріптестікке жауапты, доцент, т.ғ.к. Г.А. Жанысбекованың мәскеулік әріптесі т.ғ.д., профессор Д.А. Функпен бірлесе атқарған қызметінің нәтижесінде М. Әуезов атындағы ОҚМУ және М. Ломоносов атындағы МГУ (РФ) арасындағы білім беру және ғылыми әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Бұл келісім-шарт алдыңғы қатарлы оқу орнымен әріптестікті қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Келісім-шарт нәтижесінде екі жақты студент алмасулар мен ғылыми зерттеудегі өзара тығыз байланыстар жүзеге асырылатын болады. Соның алғашқы жемісі үстіміздегі жылдың шілде айында кафедра өткізетін «Орталық және Солтүстік Азия түркітілді халықтарының қазіргі заманғы мәдениетінде қасиетті орындардың алатын орны (ауызша тарих және тәжірибе) атты Халықаралық жазғы мектебінде аталмыш оқу орнының 16 білімгерінің білім алуы болып табылады.