Жаңалықтар
2016 жылдың 4 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Дені сау ұлт – Тәуелсіздік тірегі» бұқаралық марафонына қала тұрғындары қатысты. Белсенділер қатарында «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Г. Дильдебаевамен бірге студенттер де табылды. Салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысқан жастарымыз Д. Қонаев даңғылы бойындағы «Royal» фитнес-клубының алдынан «Наурыз» алаңына дейін марафонды жалғады.
powered by social2s