Жаңалықтар
Саяхат сабақтар – білім берудің интербелсенді түрі. Білімді өмірдің қажетіне жарату – қазіргі заманның бұлжымас талабы екендігін ескере отырып, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ә. Жанысбекова ОҚО мемлекеттік архиві басшылығы және қызметкерлерімен үнемі ғылыми-практикалық және әдістемелік әріптестік байланыста болып отырады. Студенттерді кәсіптің қыры мен сырына баулудың осы жағын жүзеге асыруға мүмкіндік жасап отыратын архив директоры Айдын Исатаеваға, директордың орынбасары Кәмшат Тасыбековаға алғысымыз ерекше.Осы саяхат сабақта студенттер архив бөлімдері мен оның қызметінің ерекшеліктерімен тікелей танысумен қоса, «Қазақстандағы архив ісінің дамуы» тақырыбында лекцияны кәсіп иелерінің өздерінен тыңдап қайтты.