Нұрлы жол – біздің таңдауымыз

16 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде «Нұрлы жол – біздің таңдауымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға ЖОО ұстаздары, ғылыми институттың ғалымдары, ОҚО этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Құрманбаева Тұрсынгүл Лесбекқызы жүргізіп отырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев «Қазақ мемлекеттілігі мен мемлекетінің өзекті мәселелері» атты баяндама жасады. Сондай-ақ Алматы қаласынан ҚР БжҒМ Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. Әуезхан Шашаев және жетекші ғылыми қызметкері  Рашид Оразовтар 2015 жыл – тарихты ұлықтауға байланысты өз пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысынан кейін қатысушылар бірауыздан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің басқаруындағы елді реформалаудың стратегиялық курсын толық қолдайтындықтары туралы қарар (резолюция) қабылдады.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.