Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты 24 қаңтар күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры ұйымдастырған жиынға «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев қатысып Жолдаудың маңызы мен басымдық берілген міндеттер туралы баяндама жасады. Жиын соңында театр басшылығы тарапынан «Алғыс хат» табысталды.
powered by social2s