5В011600-География мамандығының оқу кешенді-зона аралық іс-тәжірибесі

        «М.Әуезов атыңдағы ОҚМУ-нің 5В0116 –география мамандығының 4-курс студенттері  осы жылдың қыркүйек айында Шымкент-Көкшетау-Астана-Қарағанды –Шымкент маршруты бойынша, оқу кешенді-зона аралық іс-тәжірибесіне барып келді. Іс тәжірибе барысыңда-Рухани жаңғыру аясыңда Қазақстанның киелі жерлерімен қатар Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университенің доценті Канитаева Карима Фаритовна мен бірге киелі жерлермен мұражайларын көзбен көріп танысты.
       Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің г.ғ.д  профессор Мазбаев Орденбек Блесбекұлы және ЕҰУ-не шақырылған Түркия Республикасы, Бурса қаласы, «Улудаг» университетінің Phd доктор профессоры Эмин Атасойдың дәрістеріне қатысты.
       А.Бөкетов атындағы ҚМУ-нің «география» кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к доцент Акпанбетова Камшат Макпалбаевна т.б тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысып, тәжірибе алмасып білімін толықтырды. Қыркүйектің 21-22 күндері Астана қаласында  өткен «Болашаққа бет бұру, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, пролемалар мен перспективалар» атты білім сапасын қамтамассыздандыру бойынша бірінші Еуразиялық форум-халықаралық конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры  т.ғ.докторы, профессор Қ.Р Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Қожамжарова Дария Пернешқызының докладын тыңдап, университетіміздің 75 жылдық тәжірибесі мен жетістігін  жете түсініп, Республикадағы ЖОО-дар арасында үшінші орын алғанына куә болып, түрлі саладағы жетістістігіне берілген сертификаттардың егесі екенін сезінген студенттердің университетте алған білімдерінің тәжірибемен ұштастырып,болашақта білікті маман болуына жол ашты. Іс-тәжірибе жетекшісі «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының Phd доктор аға оқытушысы Изенбаев Бекнұр Жүсүпұлы.
      

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.