Практика

2022/2023 оқу жылы бойынша 3-курс студенттерінің оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасынан өтті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің педагогикалық мамандықтары 2022/2023 оқу жылының оқу жоспарына және кестесіне сәйкес, №593c, күні 12.01.2023ж бұйрығы негізінде оқу-тәрбиелік педагогикалық практикадан 6В01450-«Кәсіптік оқыту» БББ 3 курс студенттері өтті.

Практика базалары: Шымкент қаласы ББ: «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК, «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК. Бұл колледждер Түркістан облысы бойынша жұмысшы кадрларын дайындайтын базалық колледж болып табылады.

Практика барысында жеке жұмыс жоспарына сәйкес әр студент 2 сынақ сабақтарын, сондай-ақ 1 ашық сабақ және 2 тәрбие сағаты мен 1 ашық тәрбие сағатын өткізді.

Оқу сабақтарын өткізу барысында студент-практиканттар мынадай кәсіби-педагогикалық дағдыларға ие болды: оқушылардың оқу және сыныптан тыс іс-әрекеттерін басқару бойынша өз жұмыстарын жоспарлауды, ғылыми және практикалық материалдарды дидактикалық өңдеуді жүзеге асыруды үйренді; өзін оқушылардың позициясына ойша қою; әртүрлі жағдайларда балалармен байланыс, ортақ тіл табысу және оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау; қажет болған жағдайда ұжыммен және жекелеген білім алушылармен қарым-қатынасты қайта құру, оларға жеке көзқарас табу. Мектеп мұғалімдері әр студентке оң сипаттама берді және оларға практика қорытындысы бойынша жоғары баға берді. Практика кезеңінде студенттер материал жинақтап, тақырыптарға сәйкес жеке жеке тапсырмалар орындады. Оқу-тәрбие педагогикалық практикасы тиісті деңгейде өтті.

Сонымен қатар студенттер сыныптың психологиялық-педагогикалық диагностикалау жұмысын жүргізді, сұрақтар дайындады және сынып оқушыларының қарым-қатынасын социометриялық зерттеу үшін сауалнама жүргізді. Деректер өңделіп, матрицалар мен социограммалар жасалды. Артта қалған оқушылармен және мұғаліммен қарым-қатынаста проблемалары бар балаларға көмек көрсетілді, ата-аналармен тығыз байланыста болды.

Оқу-тәрбиелік педагогикалық практика барысында студенттердің бөлінген сыныптардың барлық сабақтарына қатысты. Сонымен қатар сынып жетекшілерінің,  көркем еңбек бағдарламасы бойынша өткізген сабақтарына қатысып, көркем еңбек пәнін оқытудың әдіс-тәсілін  көріп,  олардың сабақтарына әдістемелік талдаулар жасады.

 

 

This image for Image Layouts addon

2022/2023 оқу жылы бойынша 3-курс студенттерінің оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің педагогикалық мамандықтары 2022/2023 оқу жылының оқу жоспарына және кестесіне сәйкес, №593c, күні 12.01.2023ж бұйрығы негізінде оқу-тәрбиелік педагогикалық практикадан 6В01451-«Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламалары 3 курс студенттері өтті. Практика базасы: №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия.

Практика барысында жеке жұмыс жоспарына сәйкес әр студент 2 сынақ сабақтарын, сондай-ақ 1 ашық сабақ пен 1 ашық сынып сағатын өткізді.

Оқу сабақтарын өткізу барысында студент-практиканттар мынадай кәсіби-педагогикалық дағдыларға ие болды: оқушылардың оқу және сыныптан тыс іс-әрекеттерін басқару бойынша өз жұмыстарын жоспарлауды, ғылыми және практикалық материалдарды дидактикалық өңдеуді жүзеге асыруды үйренді; өзін оқушылардың позициясына ойша қою; әртүрлі жағдайларда балалармен байланыс, ортақ тіл табысу және оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау; қажет болған жағдайда ұжыммен және жекелеген білім алушылармен қарым-қатынасты қайта құру, оларға жеке көзқарас табу. Студенттер интерактивті тақтамен жұмыс істеуді, презентациялар ұсынуды, жеке жұмыс жоспарын құруды, дидактикалық материалды таңдауды, сабақ жоспарларын құруды, оқушылардың үй тапсырмасын тексеруді, сыныптастарының сабақтарына талдау жасауды үйренді. Практиканы өту барысында студенттер сабақ өткізуді, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін басқаруды, өз жұмысының мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, сабақ тақырыбын жоспарлау дағдыларын игерді, сабақтың әр кезеңінде инновациялық әдістер мен тәсілдерді дұрыс қолдануды үйренді, оқушылардың өзіндік және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін қажетті дидактикалық материалды мақсатты түрде таңдады, сабақтарды дәлелді түрде талдады. Мектеп мұғалімдері әр студентке оң сипаттама берді және оларға практика қорытындысы бойынша жоғары баға берді. Практика кезеңінде студенттер материал жинақтап, тақырыптарға сәйкес жеке жеке тапсырмалар орындады. Оқу-тәрбие педагогикалық практикасы тиісті деңгейде өтті.

 

 

 

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2021 жылғы 29 сәуір Ғылыми кеңесімен (№15 хаттама) бекітілген «М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенттерінің кәсіби практикасын ұйымдастыру мен жүргізу және базаларынг анықтау ережелері» негізінде 2022-2023 оқу жылының оқу кестесіне сәйкес оқу-тәрбиелік және өндірістік-педагогикалық практикадан өтуге 6B01430-«Бейнелеу өнері және сызу», 6B01431-«Визуалды  өнер, көркем  еңбек, графика  және  жобалау» - БББ бойынша: № 66 Қазғұрт ЖОББМ, № 69 ЖОМ жіберілді.

Мамандық және білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің барлық жұмыстары атқарылды. Әр студент өзіне берілген тапсырмаларды орындап, есептерін кафедраға өткізді. Сонымен қатар, барлық топтар базада атқарған жұмыстарының есебін толықтырып дайындады.

Практика барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, өрт қауіпсізідгі шараларын бұзу мәселелері бойынша ескертулер болмады. Базалар тарапынан студенттерге мақтау айтылып, келешекте де практикаға келулерін сұрады.

Студенттер аталған базаларында мамандықтарына сай жұмыстар жасап, шығармашылықтарын шыңдады.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.