Болысбаев Даулетхан Сейтмаханович
Байланыс үшін мәлімет: №8 ғимарат 402 кабинет,
Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 36-71-90
E-mail: daulet.bolysbaev.74Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының қалыптасу және даму тарихы.
1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.
Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М. т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.
Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л., Айдосов Ә., т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.
Кафедра 1993 жылы «Дене тәрбие және спорт» институтының, кейіннен қайта құру барысында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институттың құрамында, қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық мәдениет және өнер институтына құрамына кіреді.
1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында 050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлайды.
2005 жылдан бері «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар дайындайды: 5В042100 – «Дизайн, 5В041700- Сәндік өнер бакалаврларын, сонымен қатар 6M042100 – Дизайн, 6M041400 – Графика мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., доцент С.К.Бейсенбаев, п.ғ.д., доцент Тәңірбергенов М. Ж п.ғ.к. М.Ж.Джакипбекова, п.ғ.к. Т.С.Буркитбаев, п.ғ.к. Қ.А.Жолдасбекова, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Болысбаев Д.С қызмет атқарды.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып аталды.
Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.
Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады. Кафедра жанында «Жетіасар» көркемсурет галереясы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда кафедрада 29 оқытушы ғылыми-ағарту, тәрбие жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде, 2-педагогика ғылымдарының докторы, 1-профессор, 5-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 12- магистрі, 17-аға оқытушы және 7оқытушылар қызмет етеді.
Кафедрадағы ғылыми бағыт бойынша профессор – оқытушылар құрамы /ПОҚ/ ғылыми – практикалық және әдістемелік конференцияларға тұрақты қатысып келеді.
Кафедра өз жұмысын жақсарту мақсатында Республикамызбен Ресей, Өзбекстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының көркем графика факультеттерімен байланысын арттырып, тығыз бірлестікте жұмыс істеуде.
Білім беру бағдарламасы «Дизайн» іске асыру университетінің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және іргелі білімі бар жаңа формацияның бәсекеге қабілетті мамандарды, инновациялық тәсілдерді, дизайн, бейнелеу өнері, сәндік өнер және кесіндеме саласында, ғылыми, оқу, кәсіптік және тәжірибелік іс-әрекеті үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын дайындау.
Кафедра келесі білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:
6В02170 - Сән дизайны білім беру бағдарламасының сипаттамасы
«Сән дизайны» бағдарламасы – дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптасқан мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама студенттерге сән индустриясының әртүрлі аспектілері бойынша терең білім мен практикалық дағдыларды ұсынады.
Бағдарламаның мақсаты:
Студенттерді сән дизайнының негізгі принциптерімен, технологиялық процестерімен, материалдармен, стильдермен және дизайн саласындағы соңғы трендтермен таныстыру.
Қызмет аумағы:
- **Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау**: Студенттер киімнің нақты мақсаттарына сәйкес үлгілерді жобалауда теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді.
- **Тігін бұйымдарының топтық түрлері**: Топтық жобалау мен тігін өндірісі бойынша білім алады.
- **Аксессуарлар жасайды**: Сән аксессуарларын жобалау және жасау дағдыларын үйренеді.
- **Тоқыма бұйымдарын дайындау**: Тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеу қабілетін дамытады.
- **Сахна костюмдерін жобалау**: Театр мен кино саласындағы костюм дизайны бойынша мамандану.
- **Шығармашылық жұмыстармен шұғылдану**: Дизайнерлік шеберлікті арттыруға арналған шығармашылық жобалармен айналысу.
- **Көркемсурет және өнер мектептерінде, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытушы**: Білім беру мекемелерінде дизайнерлік курстарды жүргізу.
- **Сән салондарында, тігін шеберханасында арнайы киім дизайнері**: Сән өндірісіндегі кәсіби тәжірибені алу.
- **Сән салондарында тігінші**: Тігін өндірісінің негіздерін меңгеру.
- **Мектептен тыс мекемелерде эстетикалық циклдағы үйірмелердің жетекшісі**: Эстетикалық білім беруді насихаттау.
Сән дизайн саласындағы жетістіктер
Ағымдағы 2023 жылы «Сән дизайны» бағдарламасының ағылшын тобы белсенді түрде халықаралық конкурстарға қатысып келеді. Студенттер жүлделі орындарға ие болып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетуде. Бұл жетістіктер, студенттердің өнер мен дизайн саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп, оқытушылармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жүзеге асуда.
Халықаралық деңгейде танымалдыққа ие болу, студенттердің зерттеу, тәжірибелік дағдыларын дамыту және шығармашылық бағытта кәсіби практикаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер беруде. Бұл бағдарлама одан әрі дағдыларын жетілдіріп, сән индустриясының белсенді қатысушылары болуға ынталандырады.
Студенттермен өткізілетін іс-шаралар, мастер-класстар және көрмелер арқылы «Сән дизайны» бағдарламасының көрнектілігі артып, әлемдік сән трендтерін түсінуге мүмкіндік туындайды.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ АҚШ-ТА БОСТОН ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы қазақтың ұлттық киімдеріне арналған ерекше жобасын АҚШ-тың Бостон қаласында сәтті ұсынды!
Бұл жобада киімдер дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін керемет түрде көрсете білді. Киімдердің дизайнында қолданылған кестелер, ою-өрнектер және табиғи маталар – барлығы қазақ мәдениетінің тереңдігін, байлығын және сұлулығын көрсетуге бағытталған.
Керемет көрініс қазақтың ұлттық киімі шетелдік көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бостон қаласының мәдени қауымдастығы туралы ақпаратқа негізделген қызығушылықтар, сондай-ақ қолөнерінің терең мағынасы мен кестелеу өнерінің ерекшеліктері, ұлттық нақыштағы киімдердің тартымдылығы мен мәні туралы көрермендер үлкен қызығушылықпен тыңдады.







