Ақпанның 4-і күні № 8 оқу ғимаратының оқу залында Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен оқырман студенттер арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына арналған насихаттау жиыны болып өтті. Педагогика және мәдениет факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысқан отырысты АБО-ның бөлім меңгерушісі Ж.Ережепова жүргізіп отырды. «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев «Мәңгілік Ел» идеясы мен Жолдаудың мән-маңызына тоқталса, аталған кафедраның аға оқытушысы А.Қабыл және «Жалпы тарих, археология және география» кафедрасының аға оқытушысы А. Ибраимовалар негізгі басымдықтар туралы баяндады.
Жиын барысында студенттер тарапы да өз пікірлерін айтып, қолдауларын білдірді.