2016 жылдың 18 ақпан күні сағ. 14:00-де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің, №8 ғимараттың акт. залында «Өркен» студенттік театр-студиясы Е. Жолдасовтың «Күйеуім болыңызшы» комедиясын сахналайды. Театр ұжымы қазіргі таңда қызу дайындық үстінде. Аталмыш қойылым комедия жанрындағы қызықты шығарма, ауыл өмірі мен есте қаларлық сәттері көп тіршілікті бейнелейді. Өркендіктер сіздерді асыға күтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!
powered by social2s